Философский и общественно гуманитарный журнал



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
annotation128786

Адам әлемі |

 1 (75) 2018



Мәдениет философиясы: символизм және метафора 

–  жұмбақ,  оның  шығармашылығы  алдын  ала  болжауға  келмейтін  дүние, 

оның сана-сезімі, ойы, іс-әрекеті өзгеше. 

Виртуалдылықтың әсерінен адамның іс-әрекетінің формалары өзгеріске 

ұшырайды,  соған  сәйкес  адам  өмір  сүретін,  әрекет  ететін  әлеуметтік 

бағдарламалар да өзгереді. Ол жеке адамның және әлеуметтік топтардың  

сана-сезіміне, тіпті олар тікелей оған қатысы болмаса да, әсер етеді. Жеке 

тұлғаның  құрылымдық  элементтерінің  қатынасы  өзгереді,  сонымен  бірге 

ол элементтердің мазмұны да өзгеріске ұшырайды: іс-әрекет мотивациясы, 

әлеуметтік іс-әрекеттік тәжірибе, жеке тұлғаның бағытталуы, дүниетанымы, 

коммуникативті бағдарлары. Өзіндік санадағы өзгерістер жаһандық сипат 

алады және ерекше тұлғаның қалыптасуына әкеледі.

Адамның 

сана-сезімінің, 

дүниетанымының 

өзгеруі 


оның 

шығармашылығының  өзгеруімен  бара-бар.  Психикалық  процестердің 

өзгерісі қоршаған орта туралы бейненің жаңа түрін қалыптастырады. Яғни, 

санадағы құрылымдық өзгерістер қандай шығармашылыққа әкелетінін дәл 

қазір болжау қиын. Тек руханилықтың, адамгершіліктің адамда дамуы ғана 

кез-келген үдемелі құбылысқа төтеп бере алады, оны тоқтата алады.  

Қазіргі күні виртуалды әлемнің теріс жақтарын еңсеру үшін қоғам ал-

дында екі түрлі мақсат қойылады. Оның біріншісі виртуалды шындықтың 

туындыларын  өндіру  процесстерін  бақылауға  алу  және  оларды  басқара 

білумен  байланысты.  Бұл  жерде  виртуалды  шындық  бағдарламаларының 

мазмұнын бақылауға алу керек, олар деструктивті, әлеуметке қарсы компо-

ненттерден тыс болу керек. Сонымен қатар ол бағдарламалар экологиялық 

тұрғыдан  таза  болуы  тиіс,  яғни  адамның  сезім  органдарының  табиғи 

қызметіне,  психикалық  денсаулығына  сай  болуы  керек.  Екіншіден,  әрбір 

субъектіге  виртуалды  шындық  туралы,  оның  қызметінің  технологиялары 

туралы, адамның психикасына әсері туралы толық ақпарат беру керек, әрбір 

адамды виртуалды ортамен өзара ықпалдасуға алдын ала дайындау қажет. 

Ақпараттық  ортамен  өзара  ықпалдасу  жеке  тұлғаның  қабілеті  мен 

потенциалының үйлесімді дамуы негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Адамдар 

бүгінгі күні өте үлкен көлемде ақпараттар алады, оларға дұрыс жауап беру, 

қабылдау әрбір тұлғаның рухани әлеміне байланысты.    

Қорытынды

Өркениеттің қарқынды дамуы, ғылым мен техниканың жаңа белестері, 

ақпараттық  қоғамдық  дәуір  және  жаһандану  процестері  өз  кезегінде 

экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, өмірге техногендік 

қауіп-қатерді  өзімен  бірге  алып  келді.  Бұл  мәселе  қазіргі  қазақстандық 

қоғам  үшін  де  өте  өзекті  болып  отыр.  Қазақстандағы  ахуал,  көптеген 

әлемдік  мәселелерді  қайталай  отырып,  өзінің  ерекшеліктеріне  көңіл  ау-

дартады.  Елдергі  өтпелі  күй  қоғамдық  өмірдің  бірталай  салаларындағы 

дағдарыстармен  қабаттасып  келеді.  Өткен  ғасырдағы  күрт  өзгерістердің 



1 (75) 2018 | 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет