Біздің қоршаған ортамыз- ол біздің үйіміз. Қоршаған ортаның тазалығы біздің денсаулыңымызға тікелей қатысты екенін түсіндіремін. Лас жерде өмір сүру адам денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеу үшін бейне роликтерді қолданамын. Қосымша ақпараттарды көру арқылы оқушылардың ойы өзгереді деген ойдамын. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкешілікпен қарау әрбір адамның басты міндеті екенін оқушыларға түсіндіремін.Мемлекттік қызметкерлер білім,денсаулық,мәдениет саласындағы қызметкерлер және де жәй тұрғындардың өзі көше қоқыстарын тазалап, сенбіліктерге ерекше құлшыныспен атсалысуда. Сол сияқты біз жастар мұндай шараларға бей-жәй қарамай жұмыла ат салысуымыз қажет екенін түсініп, барлығы бір адамдай қатысатына сенемін.