Фитоценоздың флоралық құрамы, флоралық байлығы. Флоралық толықтығы, фитоценоздың экологиялық құрамы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Орындағандар: Жанысбай Г. Т.
Қабылдаған: Ахтаева Н. З.
Фитоценоздардың флоралық құрамы: Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше атсалысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мағұлмат алу – оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді.
Флоралық байлық дегеніміз – белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз – бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.
Ценоздық флораның құрамы
Өсімдік жамылғысы Ол белгілі бір аумақта өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаның физикалық-химиялық жағдайларымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады.
Түрлердің әртүрлілігі Ценоздық флораның құрамына бір-бірін толықтыратын және біртұтас жүйені құрайтын өсімдіктердің әртүрлі түрлері кіреді.
Жануарлар әлемімен өзара әрекеттесу Өсімдіктер жануарлар әлеміне тамақтану көзі ретінде әсер етеді, ал жануарлар әлемі өз кезегінде веноздық флораның құрамына әсер етеді.
Өсімдіктердің биологиялық құрамына әсер ететін факторлар
Климаттық жағдай
Құрамындағы түрлердің санына байланысты
жай флоралы
күрделі флоралы
бір немесе бірнеше түрлерден тұрады
көптеген түрлерден тұрады
Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты, мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдігінің өмір нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне мыс: тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.
Фитоценоздардың экологиялык-биологиялық құрылымы Фитоценоздардың экологиялық-биологиялық құрылымы дегеніміз – ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфаларының сандық құрамы. Маңызды белгілері мыналар: негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің құрылымдық типтері, өркендердің даму циклдары, және өсіп ұлғаю әдістері, қыстап шығу әдістері, жем салу және таралу түрлері, әртүрлі факторларға, су, температура, жарық, топырақ байлығы, топырақтағы тұздың мөлшері қатысты экологиялық типтер.
Фитоценоздың экологиялық-биологиялық құрамы - экологиямен және оның ценопопуляциясын құрайтын тіршілік формаларының сипатымен анықталады және фитоценоздың экологиялық синусиалды талдауы нәтижесінде анықталады