ІV бөлім «Физика-жұмбақ пен әзілде»
Тапсырма: Әр топқа 6 жұмбақ, 5 әзіл оқылады. Әр жауап -5 ұпай.
І топ. Гук тобы(7 кл)
Түсі бар көрінбейтін
Бір тұтас білінбейтін
Тынысы бар тіршіліктен
Ешқашан жүрмейтін. (ауа)
2. Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды (масса)
3. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. (Көлеңке)
4. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
6. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)
1.Таңертең бар кешке жоқ
Мен әдемі моншақпын
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас
Мендей мөлдір таба алмас. (шық)
Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды (температура)
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? ( Генетатор)
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)
Мүлгіп тұрған бақ тыныш
Ораныпты ақ күміс. (қырау)
ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)
1. Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан (энергия)
2. Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)
3. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)
4. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)
5. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. ( кемпірқосақ )
6. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
Достарыңызбен бөлісу: |