Берлиндегі бұл күн батареялары жылына 25 000 кВт (киловатт-сағат) күн электр энергиясын өндіреді • Ұсынылатын фильм - “Формула-1”-дің энергиясы Қосымша сұрақ C4. Қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффициенті қандай?
Бензин және дизель қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенті шамамен 20%. Отыннан бөлінген
энергияның көп бөлігі жылу энергиясына айналады, яғни ол – көліктен шығатын пайдаланылған газ.
Электрлік көліктердің пайдалы әсер коэффициенті аса жоғары, шамамен 80%. Бұл көлік қатынасы интерьерін
жылыту өте қиын екендігін білдіреді, себебі әдетте ол қалдық жылумен қамтамасыз етіледі.
• Қуат дегеніміз не?
Қуат ваттпен (Вт) өлшенеді және энергияның бір күйден екінші күйге қалай жылдам өзгеретіндігін сипаттайды; 1 Вт
секундына 1 Дж-ге парапар. Бұл бірлік күнделікті жағдайлар үшін өте аз. Электр шәйнегінің қуаты бірнеше киловатт
(кВт) болса, поездың толық қуаты бірнеше мегаватт, ал ірі электростанцияның қуат сыйымдылығы бірнеше гигаватт
(миллиард ватт). Ұлыбританияның толық энергия шығыны шамамен 60 гигаватт болса, бүкіл әлемнің энергия
қолданысы 20 тераватты (20 триллион ватт) құрайды.
Қосымша сұрақтар C5. Киловатт-сағат дегеніміз не?
Киловатт-сағат – энергетикалық компаниялармен үйлерді қамтамасыз ететін энергия мөлшерін есептеу
үшін қолданылатын өлшем бірлік. Бір киловатт-сағат бір сағат ішінде бір киловатт жұмсайтын құрылғымен
қолданылады. Ол 3 600 000 джоульге парапар.
C6. Ат күші дегеніміз не?
Ат күші – ваттқа қарағанда қуаттың ескі өлшем бірлігі және алғаш рет бу қозғалтқыштарының қуатын өлшеу
үшін қолданылған. Жалпы алғанда, бір ат күші шамамен 740 ваттқа тең. Ол аттың ұзақ уақыт бойы төзімділік
қуатына парапар. Қазір ватт қуаттың жалпы қолданылатын өлшем бірлігі болғанмен, ат күші әлі күнге дейін
қозғалтқыш қуатын айқындау үшін пайдаланылады.