Физика • энергия және радиоактивтілік • энергия 1 1-бөлім: Энергия дегеніміз не?


ФИЗИКА • ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РАДИОАКТИВТІЛІК • ЭНЕРГИЯ



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата21.05.2024
өлшемі0,87 Mb.
#202705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kktwig-energiya
Сабақ жоспары Трапеция, Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018, баяндама тапсырма, шешен, Физика. 7 класс. Механика. Ауырлық центрі.Презентация. (1)
ФИЗИКА • ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РАДИОАКТИВТІЛІК • ЭНЕРГИЯ
2
ДИАГРАММА 01:
• Мәңгілік қозғалтқыш дегеніміз не?
Мәңгілік қозғалтқыш белгісіз мерзімге дейін жұмыс жасауға қабілетті болар еді. Ол энергияның сақталуын бұзып
жұмсаған энергияға қарағанда көп энергия бөледі немесе ешбір энергияның, онымен қоса үйкеліс кезіндегі 
жылудың жойылуын болдырмай, термодинамиканың екінші заңын бұзады.
Мәңгілік қозғалтқыштар жасау мүмкін емес, бірақ оларды тәжірибелік және теориялық тұрғыда құрастыру 
талпыныстары денелер арасындағы жылу ағымын анықтайтын термодинамика заңдарын зерттеп, тестілеуге 
пайдасын тигізді.
• Ұсынылатын фильм
- Мәңгілік қозғалтқыш
2-бөлім: Энергияның түрленуі
• Энергияның сақталуы деген нені білдіреді?
Энергияның сақталу заңы бойынша тұйық жүйедегі 
энергия мөлшері ұзақ уақыт бойы тұрақты болып 
қалады. Бұл энергия жоқтан пайда болмайды немесе 
жойылмайды, тек бір күйден екінші күйге өзгеретіндігін 
білдіреді. Әралуан энергия түрлерінің кең тараған 
атаулары: жылу энергиясы, химиялық энергия, 
электрлік энергия, жарық энергиясы, дыбыс энергиясы 
мен ядролық энергия.
Кейде біз электростанциялардағы “энергияның 
өңдірілуі” туралы айтып жатсақ та, шын мәнісінде, 
энергия өңдірілмейді, тек бір күйден екінші күйге 
өзгереді (әдетте потенциалдық энергия электр 
энергиясына өзгереді). 
• Ұсынылатын фильмдер
- Энергияның түрленуі
- Энергия түрлері


ФИЗИКА • ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РАДИОАКТИВТІЛІК • ЭНЕРГИЯ
3
• Пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз не?
Пайдалы әсер коэффициенті – жұмсалған пайдалы энергияның 
енген энергияға қатынасы. Ол 0 мен 1 арасындағы сандармен 
көрсетілуі мүмкін, бірақ көбінесе пайызбен көрсетіледі. Ешқандай 
құрылғы 100% тиімді болмайды, себебі энергияның сақталу заңы 
бұзылады.
Өсімдіктер су мен көмірқышқыл газын өз қорегіне айналдыру үшін 
күн сәулесінің энергиясын қолданады. Бұл процесс фотосинтез 
деп аталады және оның пайдалы әсер коэффициенті шамамен 
6%. Күн сәулесі энергияны электрлік энергияға айналдыратын 
коммерциялық күн батареяларымен салыстырғанда, пайдалы әсер 
коэффициенті 20%-ға көп және одан да жоғары болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет