Физика 1 нұсқа 10 сынып



бет4/4
Дата21.05.2024
өлшемі369,2 Kb.
#202694
1   2   3   4
Байланысты:
10-kl.-test-fizika-kaz

Физика 4 нұсқа 10 сынып

Барлық есептер үшін: g = 10м/с; sin 300 = cos 600= 0,5; сos 300= sin 600 = 0,87, sin 450 = cos 450 = √2/2= 0,7


ссу = 4200Дж/кг·К, смұз = 2100Дж/кг·К, λмұз =33·104 Дж/кг, Lбу= 2,3·106 Дж/кг






тапсырма

1

Радиусы 50м шеңбер бойымен 36 км/сағ жылдамдықпен айнала қозғалған массасы 2000 кг көлікке әсер ететін центрге тартқыш күшті анықтаңыз
A) 4000 Н  B) 400 Н C) 72000 Н D) 10000 Н  E) 40Н



2

Г рафикте тік жоғары лақтырылған дененің көтерілген биіктігінің уақытқа тәуелділілігі көрсетілген. Графиктің қай нүктесі дене жылдамдығы нольге тең күйіне сәйкес келеді?
A) A B) B C) C D) D E) E



3

35м/с жылдамдықпен қозғалған мотоциклші артқы жағында,102 м қашықтықта 40м/с жылдамдықпен келе жатқан жол сақшысының көлігін байқап, сол мезетте мотоциклін 4м/с2 үдеуімен тежей бастады. Жол сақшысы жылдамдығын өзгертпеген болса, ол мотоциклді неше уақыттан кейін қуып жетеді?
A) 2с B) 5с C) 10с D) 8с E) 6с

4

С уретте көрсетілген үш күштің теңәсерлі күшінің у бағытындағы құраушысының мәнін анықтаңыз.

A) 12 cos(α) + 20 sin(θ) B) 12 sin(α) + 20 sin(θ)


C) -10 D) 12 sin(α) + 20 sin(θ) - 10


E) 12 cos(α) + 20 sin(θ) – 10



5

Бастапқы жылдамдығы 2,5 м/с массасы 4 кг дене көлбеулігі 300 көлбеу жазықтық бойымен қозғалады. Оған 30 Н үйкеліс күші әсер етеді. Дене тоқтағанға дейін көлбеу жазықтықпен қандай қашықтық жүретінін анықтаңыз.
A)1,25м B) 3,2м C)1,6м D)5 м E) 4,8м

6

С уретте Х ғаламшар мен массалары m және 4m болатын оның екі серіктері бейнеленген. Х ғаламшар тарапынан массасы 4m серікке әрекет етуші гравитациялық тартылыс күші F1 болса, массасы m серікке әрекет етуші ететін F2 гравитациялық тартылыс күшінің мәні қандай?

A) F1 = F2 B) F1= 2F2 C) F2= 2F1 D) F2= 4F1 E) F1= 4F2



7

Төбешікке шыққысы келген скейтбордтағы баланың жылдамдығының уақытқа тәуелділілік графигі суретте көрсетілген. Бала төбешіктің төбесіне жете алмады. Графикті пайдаланып, баланың 20 секундтағы орын ауыстыруын анықтаңыз
A) 132 м B) 66 м C) 58,5 м м D) 17 м E) 42 м


8

Г рафикте денеге әрекет ететін тең әсерлі күштің уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. 0 мен 0,4 секунд аралығындағы дене импульсінің өзгерісін анықтаңыз.

A) 2 кг-м/с B) 5 кг-м/с C) 10 кг-м/с


D) 12 кг-м/с E) 15 кг-м/с





9

Мылтықтан тік жоғары атылған оқ 700м биіктікке көтеріледі. Егер оқ горизонтқа 300 бұрышпен атылатын болса, ол қандай биіктікке көтеріледі? (Ауаның кедергісін ескермеңіз)
A)300м B) 350м C) 175м D) 70м E) 1000м

10

Массасы 2 кг арбаша 5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Арбашаны 0,04 с аралығында тоқтату үшін қажетті күшті анықтаңыз
A) 300 Н B) 500 Н C) 400 Н D) 250 Н E) 600 Н



11

Әуе шары 8 м/с бірқалыпты жылдамдықпен тік жоғары көтеріледі. Шар жерден 121,8 м биіктікте болған мезетте, шарға қатысты бастапқы жылдамдықсыз қандайда бір дене шардан
құлайды. Құлау басталғаннан неше уақыттан кейін дене жерге түседі? (Ауа кедергісін ескермеңіз)

A) 3с B) 12,5с C) 5,8с D) 10,4с E) 15,2с





12

Ж іпке байланған массасы 4кг жүкті төмен түсіреді. Осы кездегі жіптің керілу күші 35 Н болса, жүк 10 метрге түскенде, оның жылдамдығы қанша болады?
A) 5 м/с B) 7 м/с C) 10 м/с D) 12 м/с E) 20 м/с



13

θ =60° және F= 50 Н болса, дене жылтыр бетпен 20 м орын ауыстырғанда F күштің атқарған жұмысы неге тең?
A) 500Дж B) 1000 Дж C) 5000 Дж D) 100 Дж E) 1500 Дж



14

Массалары бірдей екі шар суретте көрсетілгендей v және v/2 жылдамдықпен қозғалады. Шарлардың абсолют серпімді соқтығысуынан кейінгі шарлардың жылдамдықтарының қосындысы неге тең?
A) v/2 B) v C) 3v/2 D) 5v/2 E)2v

15

Т өбешіктің етегіндегі массасы 10 кг дененің жылдамдығы 8 м/с болса, дененің 1,4 м биіктіктегі жылдамдығы нешеге тең?
А) 3м/с B) 6м/с C) 2м/с D) 5м/с E) 0м/с

16

Температурасы 00С бір килограммдық мұзды температурасы 1000С бір килограммдық су буымен араластырады. Жылулық тепе-теңдік орныққанан кейін жүйе температурасы қандай болады? Жылу шығынын ескермеңіз.
A) 0oC B) 250С C) 50oC D)85oC E)100oC



17

Кедергілері R1=10 Ом және R2=5 Ом резисторлар U=60 В ток көзімен тізбектей жалғанған. Резисторлардағы өндірілетін қуаттардың қатынасын (P1/P2) анықтаңыз.

A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E)5



18

Суда жүзген дене көлемінің 1/3 бөлігі суға батқан. Осы денені басқа сұйықтыққа салғанда, оның көлемінің 2/3 бөлігі сұйықтыққа батып жүзсе, сұйықтықтың тығыздығы неге тең?
A)1500 кг/м3 B) 2000 кг/м3 C)222 кг/м3 D) 250 кг/м3 E) 500 кг/м3



19

Толқын ұзындығы неге тең?

A) 0,08 м B) 0,16 м C) 0,20 м D) 0,40 м E) 0,60 м





20

Шығу жұмысы 2 эВ болатын металл бетінен, фотоэффект кезіндегі ұшып шыққан электронның кинетикалық энергиясы 2 эВ болса, фотонның минимал энергиясы неге тең?

A) 0 эВ B) 2 эВ C) 3 эВ D) 4 эВ


E) жауап беруге мәліметтер жетіспейді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет