Физика 1 нұсқа 10 сынып



бет1/4
Дата11.12.2021
өлшемі362,15 Kb.
#79069
  1   2   3   4
Байланысты:
10-kl.-test-fizika-kaz


Физика 1 нұсқа 10 сынып
Барлық есептер үшін: g = 10м/с; sin 300 = cos 600= 0,5; сos 300= sin 600 = 0,87, sin 450 = cos 450 = √2/2= 0,7

ссу = 4200Дж/кг·К, смұз = 2100Дж/кг·К, λмұз =33·104 Дж/кг, Lбу= 2,3·106 Дж/кг







тапсырма

1

Радиусы 5 см шеңбер бойымен қозғалған материалық нүктенің сызықтық жылдамдығы 200π см/мин болса, айналу периоды неге тең?

A) 10 с  B) 300 с  C) 180 с  D) 40с E) 3с





2

Г рафикте бөлшек үдеуінің уақытта тәуелділігі көрсетілген. Бөлшектің t = 0с мезеттегі жылдамдығы 1м/с болса, t = 4с мезеттегі жылдамдығы неге тең?

A) 9 м/c B) 10 м/c C) 11 м/c D) 12 м/c E) 13 м/c





3

Түзу жол бойымен қозғалған мотоцикл 5 секундта жылдамдығын v1 = 20м/с-тен v2 = 40м/с-қа дейін арттырды. Үдеуі бірқалыпты деп есептеп, осы уақыт аралығындағы мотоциклдің жүрген жолын анықтаңыз.

A) 250 м B) 200 м C)150м D) 100м E) 50 м





4

М ассасы 10 кг дене F1= 20Н және F2 =к 30Н үштерінің әсерінен жылтыр бетте қозғалады (суретті қараңыз). Дененің үдеуін анықтаңыз.
A) 5 м/ с2 B) 2,5 м/ с2 C) 10 м/ с2

D) 25 м/ с2 E)2 м/ с2





5

Көлбеулік бұрышы 300 болған жылтыр көлбеу жазықтықта массасы 10 кг дене жатыр (суретті қараңыз). Жіптің керілу күші тұрақты, әрі 75 Н-ға тең. Қозғалыс басталғаннан 2 секунд өткенде дене жылдамдығы қандай болады?

A) 5 м/с, көлбеу жазықтықпен төмен

B) 2,5 м/с, көлбеу жазықтықпен жоғары

C) 5 м/с, көлбеу жазықтықпен жоғары

D) 7,5 м/с, көлбеу жазықтықпен жоғары

E) 10 м/с, көлбеу жазықтықпен жоғары



6

Жер бетіндегі дене салмағы 900Н. Осы дененің жер бетінен Жердің екі радиусына тең биіктіктегі салмағын анықтаңыз.
A) 100Н  B) 250 Н C) 300 Н D) 450 Н E) 900 Н


7

Г рафикте дене жылдамдығының уақытқа тәуелділілігі көрсетілген. 3 секундпен 5 секунд уақыт аралығындағы дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.
A) 4 м  B) 2м   C) 0 
D) -4 м  E) -2 м


8

М ассасы 10 кг тыныш тұрған дене, горизонталь бағытталған күш әсерінен жылтыр бетте қозғалады. Күштің уақытқа тәуелділік графигі суретте көрсетілген. 5 секундт уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығын анықтаңыз.

A) 40 м/с B) 20 м/с C) 10м/с D) 4 м/с


E) 2 м/с .


9

Шаңғышы 22м/с горизонталь бағытталған жылдамдықпен, биіктігі 3,2 м трамплиннен секірді. Жерге түскенге дейінгі шаңғышының горизонталь бағыттағы орын ауыстыруын анықтаңыз.

А) 10 м B) 12 м C) 14.2 м D) 17,6 м E) 6,8 м




10

Жылдамдығы 5 м/с, массасы 5 кг дене 0,5 с уақыт аралығында тоқтаса, тоқтатушы күштің орташа мәні неге тең?

A) 50 Н B) 25 Н C) 10 Н D) 2.5 Н E) 0.5 Н




11

Тік жоғары лақтырылған дененің, көтерілетін максимал биіктігінің жартысына тең болған биіктіктегі жылдамдығы 20 м/с болса, дененің көтерілген максимал биіктігі неге тең?
A) 20м B) 40м C)60м D)5м E)10м


12

Е кі жүк лифт төбесіне суретте көрсетілгендей ілінген. Лифт 3 м/с2 үдеумен жоғары көтерілгенде, жоғарғы жіптің керілу күші қандай болады?
A) 50Н B)100Н C)150Н D) 195Н E) 450Н


13

Жылтыр бетте сырғып келе жатқан массасы m дене, массасы сондай тыныштықта тұрған денемен соқтығысып, соқтығыстан кейін біртұтас дене болып бірге қозғалады. Егер соқтығыстан кейінгі біртұтас дененің кинетикалық энергиясы Е болса, соқтығысқа дейінгі бірінші дененің жылдамдығы неге тең?

A) (2m/E)1/2 B) (E m)1/2 C) (E/2)1/2 D) (E/2m)1/2 E) 2(E/m)1/2





14

Массасы 20 кг қорап көтерген, массасы 60кг адам скейтбордта 7 м/с жылдамдықпен қозғалады. Қорапты артқа қарай жерге қатысты 5м/с жылдамдықпен лақтырса, адамның қозғалыс жылдамдығы қанша болады? (скейтборд массасын ескермеңіз).

A)7,7м/с B) 11м/с C) 2м/с D) 9м/с E) 5м/с



15

Биіктігі 8м жылтыр көлбеу жазықтық төбесінде тұрған массасы 5 кг дене, төмен қарай сырғанайды. Сырғанау соңында ол қатаңдығы 20000 Н/м серіппені сығып барып тоқтайды. Осы кездегі серіппенің максимал сығылуын анықтаңыз.
A) 0,1м B) 0,2м C) 0,3м D) 0,4м E) 0,5м




16

Массасы 1 кг темперетурасы (-10С ) мұзды температурасы 10 0С суға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері

A)23,1 кДж B) 6,3 кДж C) 420кДж D) 210 кДж E) 374,1 кДж





17

С ұлбалары 1 және 2-суретте көрсетілген тізбектердің жалпы кедергілерінің (Rжалпы1/ R жалпы2 ) қатынасын тап. Тізбектегі әр резистордың кедергісі R.
A)1/3 B)2/3 C) 1/2

D) 5/2 E) 3





18

Тығыздығы судың тығыздығынан 3 есе артық сұйықтыққа батқан дене 40Н салмағын жоғалтады. Егер дененің массасы 12кг болса, оның тығыздығы судың тығыздығынан неше есе артық?

A) 3 B) 6 C) 9 D) 12 E) 15




19

Толқынның бір ортадан екіншісіне өткенде, оны сипаттайтын қандай шамалар өзгермейді?

A) жиілігі B) жылдамдығы C) толқын ұзындығы

D ) келтірілгендердің барлығы Е ) келтірілгендердің ешбірі


20

Көрсетілген графиктердің қайсысы фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясының катодқа түскен сәуле жиілігіне тәуелділігін дұрыс сипаттайды.

A)1 B)2 C)3 D)4 E) дұрыс жауап жоқ






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет