|
тапсырма
|
1
|
Радиустары R және 2R орбиталар бойымен қозғалған жер серіктерінің жылдамдықтары сәйкесінше V1 және V2 болса, V1/V2 қатынасы неге тең?
A) 2 B) √2 C) 1 / 2 D) 1 / √2 E) 2 √2
|
2
|
Г рафикте бөлшек жылдамдығының уақытқа тәуелділілігі көрсетілген. Графикте көрсетілген нүктелердің қайсысы қозғалыс үдеуінің ең үлкен мәніне сәйкес келеді?
A) A B) B C) C D) D E) E
|
3
|
Бөлшек қозғалысы x = xo + 12t - 2t2 теңдеуімен сипатталады. Бөлшек жылдамдығы нольге тең болатын уақыт мезетін анықтаңыз.
A) 1с B) 2с C) 3с D) 4с E) 5с
|
4
|
Әрқайсысы 5кг болатын екі жүк лифт төбесіне суретте көрсетілгендей ілінген. Лифт 0,5 м/с2 үдеумен жоғары қозғалғанда, жоғарғы жіптің керілу күші қандай болады?
A ) 50Н B)100Н C) 52,5Н D) 105Н E) 95 Н
|
5
|
Массасы 10 кг дене F=100 Н горизонталь бағытталған күш әсерінен көлбеулігі α=300 көлбеу жазықтықпен жоғары қозғалады (суретті қараңыз). Дене мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,5 болса, дене қандай үдеумен қозғалады?
A) 0,1 м/с2 B) 0,3 м/с2 C) 0,5м/с2 D) 1 м/с2 E) 0 м/с2
|
6
|
Адамның Жердегі салмағы 600 Н болса, Марстағы салмағы нешеге тең болады? Марс радиусы Жер радиусынан 2 есе кіші, ал массасы Жер массасының 0,1 бөлігін құрайды.
A)60 Н B)120 Н C)240 Н D)300 Н E)360 Н
|
7
|
Т өбеге көтеріліп бара жатқан қыз добын алға итеріп жіберіп қозғалысын әрі қарай жалғастырды. Суретте доп жылдамдығының уақытқа тәуелділілік графигі көрсетілген. Егер қыз 5 секундтан кейін қайтып келген допты ұстап алса, осы уақытта қыз қанша жол жүріп өткен?
A)10м B) 50м C)100м D) 18м E) 36м
|
8
|
Г рафикте денеге әсер етуші күштің орын ауыстыруға тәуелділілігі көрсетілген. Осы күштің 0 ден 6 метрге дейін орын ауыстырғандағы атқарылған жұмысты анықтаңыз.
A) 2Дж B) 5 Дж C) 8 Дж D) 10 Дж E) 15 Дж
|
9
|
Дене биік жартастан 10 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылса, 3 секундтан кейін оның жылдамдығы қандай болады? Ауаның кедергісін ескермеңіз.
A) 3.3 м/с B) 15 м/с C) 20 м/с D) 32 м/с E) 90 м/с
|
10
|
Горизонталь бағытталған 200 Н күш әсерінен массасы 50 кг қорап ағаш еденде бірқалыпты қозғалса, қорап пен еден арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең?
A)0,2 B)0,4 C)0,5 D) 0,6 E) 0,8
|
11
|
Баскетболға арналған доп 1,8 м биіктіктен құлады. Жерге соқтығысып кері ыршыған доп 1,1м биіктікте ұстап алынды. Доптың жерге соқтығысар мезеттегі жылдамдығы неге тең?
A) 4 м/с B) 6м/с C) 2 м/с D) 8 м/с E) 1,1 м/с
|
12
|
Ж іпке байланған массасы 4кг жүкті төмен түсіреді. Осы кездегі жіптің керілу күші 35 Н болса, жүкті 10 метрге түсіру кезінде жүктің салмағы қанша жұмыс атқарды?
A) 50 Дж B) 175 Дж C) 350 Дж D) 400 Дж E) 500 Дж
|
13
|
Салмағы 100 Н, ұзындығы 3 м болатын тігінен тұрған біртекті сырықтың потенциалдық энергиясы неге тең?
A) 300 Дж B) 150 Дж C) 3000 Дж D) 0 Дж E) 1500 Дж
|
14
|
Массасы 12 кг, 5 м/с жылдамдықпен қозғалатын арбашаға жоғарыдан 3 килограммдық контейнер құлады. Контейнер құлағаннан кейін арбашаның жылдамдығы қандай болды?
A) 1м/с B) 2 м/с C) 3 м/с D) 4 м/с E) жауап беруге мәлімет жеткіліксіз
|
15
|
Төбешіктің етегіндегі дене жылдамдығы 8м/с болса, дене төбешік бойымен қандай максимал биіктікке дейін көтеріле алады?
A) 3,2 м B) 8,3м C) 10,2 м D) 2,5м E) 5,6м
|
16
|
Температурасы 1000С массасы 500г ыстық суға температурасы 00С мұз ұнтақтарын қосып отырады. Қосып жатқан мұз еруі тоқтағаннан кейін, жүйенің орныққан температурасы қандай болады?
A) 50°C B) 25°C C) 4.184°C D) 1°C E) 0°C
|
17
|
Ж еліге 5Ом, 4Ом және 6 Ом кедергілер суретте көрсетілгендей жалғанған. 4 Ом кедергі арқылы ағып жатқан ток күші 3 А болса, a және b нүктелеріндегі кернеу түсуі неге тең?
A) 45В B) 27В C) 37В D) 30В E) 12В
|
18
|
Сұйықтықта жүзген дене көлемінің ¼ бөлігі сұйыққа батқан. Тығыздығы осы сұйықтық тығыздығынан екі есе үлкен сұйықтықта осы дененің қандай бөлігі батады?
A) 1/2 B)1/3 C)1/6 D)1/8 E)1/10
|
19
|
Серіппеге ілінген массасы 2 кг дененің тербеліс периоды 2π секундқа тең. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.
A) 0.5 Н/м B) 1 Н/м C) 2 Н/м D) 4 Н/м E) 5 Н/м
|
20
|
С уретте фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясының катодқа түскен фотон энергиясына тәуелділігінің графигі көрсетілген. Суреттен катод материалының шығу жұмысы қай фотоэлементте аз екендігін анықтаңыз.
A) 1; B) 2; C) бірдей;
D) түскен сәуле интенсивтігіне тәуелді
E) жауап беруге мәліметтер жеткіліксіз
|