Физика 7- сынып
3- тоқсан
«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
7.3.1.12 Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін анықтайды
Сұйықтардағы гидростатикалық қысымды анықтайды
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді
Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну
Қолдану
Орта деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1 a) Қысым деп нені айтады? [1]
b) Қысымды төмендететін және жоғарылататын жағдайларды екі топқа жіктеңіз.
/Қалың қармен жүріп келе жатқан саяхатшы. Сазды жермен жүріп келе жатқан БТР әскері. Қар үстіндегі ұшақтың ұшуы. Шегені қағу. Нанды пышақпен кесу./
Қысымның кемуі
|
Қысымның артуы
|
|
|
[1]
с) Бетке 3000 Н күш түсіріп 2Па қысым алсақ, ауданы қандай болған? [2]
2. а) Паскаль заңы қалай айтылады? [1]
b) Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (800кг/м3) [2]
с) Барометр –анероид не үшін қолданады? Суреттегі барометр –анероидтың құрылысы қандай?
1.
2.
3.
4.
5.
[1]
3) а) Сұйық ішіндегі кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға байланысты? [1] b) Ыдыстағы сұйыққа көлемдері бірдей үш шар салынды. Қай шардың тығыздығы көп? [1]
с) Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы – 1000кг/м3 [2]
Жалпы балл: 12
Бағалау критерийі
|
Тапсырма№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Қысымның физикалық мағынасын түсіне отырып, өзгерту әдістерін анықтайды
|
1
|
Қысымға анықтама береді
|
1
|
Қысымды арттыру және азайту мысалдарын ажыратады
қысымды азайту жағдайын көрсетеді
|
1
|
Өлшем бірлікті ХБЖ-ға келтіреді
|
1
|
Қысымның формуласын түрлендіріп, көрсетеді.
|
1
|
Сұйықтардағы гидростатикалық қысымды анықтай алады
|
2
|
Паскаль заңына анықтама береді
|
1
|
Сұйықтықтың түсіретін қысымын есептейді
|
2
|
Барометр –анероидтың құрылысын біледі
|
1
|
Кері итеруші күшпен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады
|
3
|
Сұйықтың тығыздығына байланысты екенін біледі.
|
1
|
Денелердің жүзу шарттарын біледі
|
1
|
Есептер шығаруда Архимед заңын қолданады
|
3
|
Өлшем бірлікті ХБЖ-ға келтіреді
|
1
|
Есепті шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады
|
1
|
Жалпы балл
|
12
|
Достарыңызбен бөлісу: |