Физика 9 сынып тест


Динамика. Ньютонның заңдары. Күш түрлері



бет2/6
Дата11.12.2022
өлшемі166,5 Kb.
#162333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 klass бөліммен

Динамика. Ньютонның заңдары. Күш түрлері.

  1. Көлемі 0,02 м³ дененің массасы 40 кг, Дененің тығыздығы

А) 800 кг/м³.
В) 500 кг/м³.
С) 2000 кг/м³.
Д) 1000 кг/м³.
Е) 40 кг/м³.
2. Бір нүктеге түсірілген F= 3 H күші векторлары арасындағы бұрыш 180. Осы куштердің теңәсерлі куші.
А) 8 Н
В) 2 Н
С) 6 Н
Д) 5 Н
Е) 3Н
3. Арқан тарту жарысына 4 адам қатысады. Олардың екеуі F=250 Н және F=200 Н куштерді тусіріп оң жаққа, қалған екеуі F=350 Н және F=50 Н күштерді түсіріп, сол жаққа тартады. Тең әсерлі күш және арқанның қозғалу бағыты.
А) 850 Н, оңға.
В) 450 Н, оңға.
С) 350 Н, солға.
Д) 100 Н, солға.
Е) 50 Н, оңға.
4. 50 Н күш 90 бұрыш арқылы екінші күшпен әсерлесіп, модулі 130 Н болатын үшінші күштің әсерімен теңеседі. Барлық күштер бір нүктеге түсірілген. Екінші күштің модулі.
А) 180 Н
В) 80 Н
С) 100 Н
Д) 20 Н
Е) 60 Н
5. Денедегі барлық күштер теңестірілген. Осы дененің қозғалыс траекториясы: 1) парабола; 2) түзу; 3) шеңбер;
4)эллипс; 5) винттік сызық;
А) 1
В) 3
С) 4
Д) 2
Е) 5
6. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с² үдеумен қозғалады. Дененің массасы
А) 8 кг
В) 0,8 кг
С) 50 кг
Д) 25 кг
Е) 10 кг
7. Массасы 200 г денені 1,5 м/с² үдеумен қозғалысқа түсіретін күш.
А) 7,5 Н
В) 300 Н
С) 0,3 Н
Д) 75 Н
Е) 0,03 Н
8. Массасы 1,5 кг дене х= 2t+ 0,64 t² қозғалыс теңдеуімен қозғалады. Денеге әсер ететін күш.
А) 1,2 Н
В) 0,6 Н
С) 3 Н
Д) 1,5 Н
Е) 0,4 Н
9. 24 Н күштің әсерінен қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі берілген х= 3t+0,3t². Осы дененің массасы
А) 24 кг
В) 16 кг
С) 72 кг
Д) 40 кг
Е) 8 кг²
10. Массасы 5 кг снаряд 800 м/с жылдамдықпен ұзындығы 3,2 м қару ұнғысынан ұшып шықты. Снарядқа берілетін қысым күшінің мәні.
А) 4000 Н
В) 9 кН
С) 500 кН
Д) 16 кН
Е) 2000 Н
11. Ат арбаның қозғалысын қарастырайық: арбаның атты тартатын күші мен аттың арбаны тартатын күштері Ньютонның 3- заңы бойынша абсолют мәндері жағынан тең де, бағыттары бойынша қарама-қарсы. Ал олай болса, арбаның ілгері қозғалатын себебі:
А) Массасы үлкен болғандықтан, аттың арбаға әсер күші арбаның атқа әсер күшімен салыстырғанда көп;
В) Тартуға күш салатын тек қана ат;
С) Атпен де, арбамен де әсерлесуші үшінші дене бар. Ол – жер беті. Арбаның жермен әсерлесуінен пайда болған қозғалыс бағытына қарсы бағытталған үйкеліс күшінің шамасы, қозғалыстың бойымен бағытталған аттың үйкеліс күшінен анағұрлым аз;
Д)Ат пен арбаның жылдамдықтары олардың массаларына тура пропорционал.
Е) Массасы аз болғандықтан, арбаның атпен әсер күші аттың арбамен әсер күшімен салыстырғанда көп;
12. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын нүктеге түсірілген тең әсерлі күш векторы қалай бағытталған?
А) Күш нөлге тең
В) Күш жылдамдық вектор бойымен бағытталған
С) Күш жылдамдық векторына перпендикуляр бағытталған
Д) Күш жылдамдық векторына жанама бағытталған
Е) Күш үдеу векторына перпендикуляр бағытталған
13.Массасы 2 т автоиобиль радиусы 0,1 км шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып келеді, жылдамдығы 36 км/ сағ, денеге әсер ететін күш
А) 25,92 кН
В) 2 кН
С) 20 кН
Д) 2,6 кН
Е) 1,8 кН
14. Шеңбер бойымен қозғалыстағы адам жылдамдығын 2 есе арттырып , айналу траекторияның радиусын 2 азайтса, өзіне әсер еткен инерттік (сыртқа тепкіш) күш
А) 4 есе артады
В) 4 есе кемиді
С) өзгермейді
Д) 8 есе артады
Е) 8 есе кемиді
15. Массасы 8 т ғарыш кемесі массасы 20 т орбиталық ғарыш бекетіне 100 м ара қашықтыққа жақындайды. Олардың өзара тартылыс күші
(G=6,67·10‾¹¹ Н*м² /кг² )
А) 1 кН
В) 1 мкН
С) 10 мкН
Д) 10 кН
Е) 100 Н
16. 10 м арақашықтықтан массалары бірдей денелердің өз-ара тартылыс күші 26,68 мН. Денелердің массалары (G=6,67·10‾¹¹ Н*м² /кг² )
А) 200 т
В) 100 т
С) 400 т
Д) 266 т
Е) 133 т
17. Массалары 2 000 000 кг және 4 000 000 кг денелер 13,34 мН күшпен тартылады. Осы денелер арасындағы ара қашықтық
А) 96 м
В) 1 км
С) 400 м
Д) 4800 м
Е) 200 м
18. Екі дене арасындағы арақашықтық 2 есе-ге кемісе, тартылыс күші
А) 2 есе артады
В) 4 есе артады
С) 2 есе кемиді
Д) өзгермейді
Е) 4 есе кемиді
19. Массасы 82 кг спортшының еденге түсіретін қысым күші
А) 8,2 Н
В) 0,082 кН
С) 8,2 кН
Д) 820 кН
Е) 0,082 кН
20. Массасы 2,4 т ғарыш кемесіне, жер маңында әсер еткен ауырлық күші.
А) 2,4·100000 Н
В) 2,4· 10000 Н
С) 2,4·10000000000 Н
Д) 2,4· 100000000 Н
Е) 24·100000 Н
21. Төмен қарай бірқалыпты қозғалатын лифт еденіне массасы 60 кг адамның түсіретін күші
А) 0,6 Н
В) 6 Н
С) 60 Н
Д) 0,6 кН
Е) 600 кН
22. Жолаушы бір сәт салмақсыздық күй кешу үшін, автомобиль радиусы 10 м дөңес көпірдің ортасынан өтуге қажетті жылдамдық
А) 10 м/с
В) 20 м/с
С) 4 м/с
Д) 5 м/с
Е) 25 м/с
23. 4 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан дененің салмағы екі есе артуы үшін радиусы қандай көпірден өтуі керек?
А) 1,6 м
В) 16 м
С) 8 м
Д) 0,8 м
Е) 1,2 м
24. Жолаушы бір сәт салмақсыздық күй кешу үшін, автомобиль 20 м/с жылдамдықпен радиусы қандай көпірден өтуі керек?
А) 30 м
В) 20 м
С) 40 м
Д) 10 м
Е) 50 м
25. 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль дөңес көпірдің ең жоғарғы нуктесіне оған горизонталь жолдағыға қарағанда 3 есе аз қысым түсіреді. Көпірдің қисықтық радиусы
А) 225 м
В) 15 м
С) 1,5 м
Д) 30 м
Е) 900 м


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет