Физика билеттері 1-сурак: Белсенді датчиктер


Ответ: Ужж өрісінің электролиттер мен диэлектриктерге жылулық әсерін зерттеу



бет4/19
Дата04.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#129140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Физика билеттері осы

Ответ: Ужж өрісінің электролиттер мен диэлектриктерге жылулық әсерін зерттеу

Ультражоғары жиілікті электр өрісімен әсер еткенде адам ағзасында аса күрделі процесс өтеді. Tipi организм электр тогын өткізетін, омдық кедергісі бар электролиттерден және диэлектриктік тұрақтысымен (с) сипатталанатын изоляторлардан құралады. Электр өрісімен әсер еткенде электролиттерде, барлық өткізгіштердегі сияқты, зарядталған бос бөлшектер /электрондар/ орын ауыстырады да кәдімгі өткізгіштік тогы пайда болады. Диэлектрик құрамындағы әрбір молекула ішіндегі оң және теріс зарядтар электрлік диполь түзеп бірін–бірі теңгереді, сондықтан молекула тұтасынан алғанда бейтарап болып келеді. Сыртқы өріс жоқ кезде жылулық қозғалыстың нәтижесінде молекулалардың электрлік моменттері кеңістікте жан–жақты бағытта болады. Сыртқы өріс бар кезде дипольдар өріс бағытына икемделеді де, диэлектрик поляризацияланған болып шығады. Өрістің бағыты өзгергенде молекулалардың орналасу бағыты да өзгереді, яғни өрістің өзгеру жиілігі неғұрлым үлкен болса, молекулалар да соған сәйкес өзінің бағытын өзгертеді.

Өрістің әсері тоқтаған сәтте молекулалар бастапқы күйіне қайта оралады. Олай болса өрістің жиілігін неғұрлым арттырсақ, солғұрлым молекулалардың тербеліс жиілігі де артады, яғни жылулық процесс пайда болады. Диэлектриктің ішінде электр зарядтарының осылай өз бағытын өзгерту нәтижесінде пайда болған токтың ерекше түрін ығысу тогы дейді. Адам ағзасы диэлектрикті өтімділігі ε біртекті изолятордан және электр өтімділігі ε0 өткізгіштен тұрады. Адам ағзасына электр өрісімен әсер еткенде болған өткізгіштік тогының әсерінен де (электролиттерде), ығысу тогының әсерінен де (диэлектриктерде) жылу бөлініп шығады. Мұнда электролиттерде иондардың ығысу амплитудасы жылулық қозғалыстың 55 амплитудасынан онша үлкен болмайды да жылу аз бөлінеді. Негізгі жылу диэлектриктік тұрақтысы жоғары ұлпалардан шығады. Miнe, айнымалы электр өрісімен адам ағзасына әсер етудің басты ерекшелігі де осында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет