Есеп шығарудың алгоритмдік әдісі Әрбір жаңа тақырыпты өткен кезде мұғалім тақтаға бір есепті түгелдей талдай отырып, түсіндіріп, оқушыларды есеп шығаруға үйретуі керек. Соңғы кезде физиканың есептеріне алгоритмдік әдісті қолданып жүр. Алгоритмді енгізу оқушыларды қиын есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады.
Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғьмдардың мағынасын түсіндіру.
Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады.
Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.
Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу.
Алгоритм және алгоритмдік тәсілді қоддану кезінде оқыту, есепті шешу әдісін меңгеру үрдісін анағүрлым тездететіні, оқушыларға есеп шығару әдістерін үйретуде алгоритмді қоддану тиімділігін тексеруге жүргізіліген зерттеу және тәжірибе жұмыстары көрсетті. Мұғалімдерге алгоритм өте ұзақ және күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ бір-екі есепті бірлесіп, алгоритм көмегімен шығару арқылы оқушылардың оны тез меңгеретініне оңай көз жеткізуге болады.
Есептің шартын және шешуін жазу тәсілдері. Есеп: 24 В кернеу беретін батареяга 15 Ом болатын екі шам және электр қоңырауы тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток 0,3 А. Қоңыраудың кедергісін табыңдар.
ЕСЕП:Берілгені:
Электр тізбегі
U=24 В
n=2
R=15 Ом
I=0,3А