2.9 – сурет
Бұл әдiс тiзбек бөлiктерiндегi кернеулердiң фазаларының әртүрлi екенiн ескеруге мүмкiндiк бередi. Диаграмманы тұрғызу барысында алдымен тiзбектегi токка сәйкес бағытты таңдап алады да соған қатысты кернеулердiң амплитудалық мәндерiн олардың фазалар айырымын ескере отырып салады. Осылай тұрғызылған диаграмма 2.9 – суретте келтiрiлген. Бұл суреттен тiзбектегi толық кернеудiң амплитудасы (үшбұрыштар үшiн Пифагор теоремасын пайдаланғанда)
екенi көрiнiп тұр. Онда, айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы
түрiнде жазылады. Бұл өрнектегi
шамасы тiзбектiң толық кедергiсi болып табылады.
Векторлық диаграммадан кернеу тербелiсiнiң фазасы ωt + φ екенi көрiнiп тұр. Сондықтан, кернеудiң лездiк мәнi
Ал кернеу мен токтың лездiк мәндерiнiң арасындағы фазалар айырымы
Айнымалы ток тiзбегiндегi қуаттың лездiк мәнi p = I2R = ImR cos2ωt. Бiр тербелiс периоды кезiндегi cos2ωt функциясының орташа мәнi 1/2 болғандықтан тiзбектегi қуаттың орташа мәнi
Достарыңызбен бөлісу: |