r = = а. е. Басқа <1” кіші емес қашықтықты аспан нысандары мен жұлдыздарды оған дейінгі қашықтықты астрономиялық бірлікпен өлшеу тым аздық етеді. Сондықтан өлшеу бірлігіне «параллакс» және «секунд» сөзінен алынған «парсек» (ПС) сөзі алынады. (Бір парсек қашықтықта жер радиусы 1” бұрышы көрінеді).
Астрономилық әдебиеттерге жұлдыздың параллакстық тәуліктік ығысуы нольге тең болғандықтан көбіне «Жылдық» деген сөз қолданылады.
1ne=206265 а.б. =30,857*1012 км. Сондықтан парсекпен қашықтық: r = (12.1) Қашықтықтың ірірек өлшемдері: 1килопарсек (Кпс) = 103 пс. 1 мегопарсек (Мпс) = 103 кпс = 106 пс.
Мұнымен қатар қашықтықты өлшеудің бірілігі жарық жылы (ж.ж) – жарықтың бір жылды жүріп өтетін қашықтығы = 9,461*1012 км тең қолданылады. 1пс = 3,26 ж.ж. теңдігін тез-ақ байқауға болады.
Параллакс бойынша парсекпен қашықтығын есептейді, сонан соң (қажет болса) жарық жылына аударады.
Ең жақын жарық жұлдыз Толиман (Центавра )
=0”,751 және r = 1,33 пс=4,34 ж.ж. Тригонометриялық әдіспен өлшенген жылдық параллакс көбіне тригонометриялық параллакс деп атайды. Оның өлшеу дәлдігі 0”,005 аспайды, сондықтан бұнымен 200 пс аспайтын қашықтықты анықтауға болады. Сондықтан тригонометриялық параллакспен шамамен 6500 жұлдыз сенімді өлшенген. 200пс жылдық қашықтықты анықтау үшін басқа әдістері бар, бірақ оның бәрі де қандай жолмен болсын белгілі тригонометриялық параллаксқа негізделген.