Құралдар мен жабдықтар: гироскоп FPM-10
Жұмыстың орындалу реті Құрал электр желісіне қосылсын. «Желі» («Сеть») кнопкасын басып, индикатордың нөл цифрын көрсетіп тұруын және №1, №2 фотоэлектрлік тетіктердің жарығы жанып тұрғанын тексеру керек. «Жылдамдықты реттеуші» («Регулятор скорости») қозғалтқышты оңға жәй бұрып, қозғалтқыштың жұмыс істейтінін және айналу жылдамдығын көрсететін стрелканың бұрылғанын тексеру керек.
Қарсы жүкті ары-бері жылжыту арқылы жүйені тепе-теңдік күйге келтіру керек. Қозғалтқышты қосып, прецессияның жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
Қозғалтқыш ажыратылып, қарсы жүк аралыққа жылжытылсын.
Қозғалтқышты қосып, оның айналымы 6000 айн/мин-қа жеткізілсін.
«Тастау» («Сброс») кнопкасы басылсын.
Гироскоп шамамен бұрышқа бұрылғанда «Тоқта» («Стоп») кнопкасын басу керек. Бұрылу бұрышы және уақыт кестеге жазылсын. Өлшеу тағы да екі рет қайталансын.
Қарсы жүкті аралыққа жылжытып, әртүрлі тағы да бес жағдай үшін 5-6 баптар қайталансын. Өлшеудің нәтижесі кестеге жазылсын.