Тұтқаны оңға қарай бұру арқылы снарядты ату керек (егер атылған снаряд пластилинге жабыспаса атуды қайталау қажет).
Маятниктің ең үлкен ауытқу бұрышын өлшеу.
Жабысқан снарядтың центірінен айналу өсіне дейінгі ара қашықтықты (r) өлшеу. Егер снаряд пластилин бекітілген табақшаның центірінен (120) оң жағынан жабысса:
r=120+2,5 – бөлу сызық саны (мм).
Егер снаряд табақшаның сол жағынан жабысса
r=120-2,5 – бөлу сызық саны (мм).
Маятникті қолмен 7 – пунктте өлшенген бұрышқа (a) ауытқыту.
Миллисекундомерді ток көзіне қосып, «Тастау» («Сброс») және «Жіберу» («Пуск») кнопкаларын басып маятникті босатып жіберу керек.
Есепті безендіру тәртібі және оны қорғау: Есеп келесі тәртіпте безендіріледі:
1. Экспериментті орындау
2. Есептеу нәтижелерін кестеге енгізу.
3. Орындалған жұмыс туралы қорытынды
4. Жұмысты безендіріп А4 форматында өткізу қажет.
5. Есепке мыналар кіреді:
– орындаушының аты-жөні, жұмыстың орындалған мерзімі; жұмыстың аты және мақсаты;
– техникалық құрылғылар мен жабдықтар;
– жұмыстың орындалу реті, формулалар; суреттер; есептеулер; толтырылған кестелер;
– жұмыс туралы қорытынды; бақылау сұрақтарына қысқаша жауап.