- тақырыптар тізімі;
- тапсырманы орындау үшін кеңестер;
- тапсыру реті, мерзімі;
- бағалау тәртібі;
- қажетті әдебиетттер тізімі мен интернет сайты.
1.15 Оқытушының басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) аудиторияда өткізілетін оқу жұмысының ерекше түрі.
1.16 ОБСӨЖ мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, курстың концепциясымен, кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталады.
1.17 ОБСӨЖ оқытушы мен білім алушының бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасы СӨЖ-ден өзгеше болады.
1.18 Білім алушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру технологиясының элементтері: өз бетімен орындайтын жұмыстарды жоспарлау; әдістемелік қамтамасыз ету; орындалуын бақылау және жоспарлау; талдау және жетілдіру.
1.19 ОБСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын білім алушының аудиториядан тыс жұмысы болғандықтан, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.
1.20 Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) СӨЖ жалпы көлеміне енеді.
1.21 ОБСӨЖ үлесі модульдің (пәннің) жалпы сағат (кредит) мөлшеріне қатысты төмендегіше анықталады: 1 кредитке – 15 сағат, 2 кредитке – 30 сағат, 3 кредитке – 45 сағат.
1.22 ОБСӨЖ модульдер (жалпы міндетті, мамандық бойынша міндетті, арнайы мамандықтар үшін таңдау бойынша, біліктіліктің шеңберінен шығатын таңдау бойынша модульдер) бойынша білім алушылардың саны академиялық лекте (топта) 50 –ден артық емес болған жағдайда ұйымдастырылады. Білім алушылардың саны көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда келесі академиялық лек (топ) жинақталады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті