ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ «ТҰТАС ОРТА МЕХАНИКАСЫ НЕГІЗДЕРІ» ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Құткелдиева Эльзира Оразбекқызы оқу шебері (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), Сапарбаев Тәжібай п.ғ.к., аға оқытушы (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
Аңдатпа. Зерттеуде ҚР-нің жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары және Интернет желісіндегі арнайы бағдарламалар талқыланды. Сонымен қатар негізгі ұғымдарымен физикалық шамаларына ғылыми талдау жасалды. Физика курсының «Тұтас орта механикасы негіздері» бөліміндегі тақырыптар қарастырылып, білім берудің кемшіліктері мен жетістіктері анықталды.
Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтауда виртуалды зертханалық жұмыс құрастырылып, оны қолдану сипаттамасы жазылды. Көзделген тақырып ПБҚ-мен толықтырылды және жетілдірілді, оны орындау әдістемесі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылды.
Түйін сөздер: сұйықтар, шарлар, сұйықтың тұтқырлық коэффициенті, бағдарламалар, тәжірибелер, виртуалды зертханалық жұмыс, анимациялар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан əрі – АКТ) – педагогтардың құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды ұйымдастыру және даярлау, сонымен қатар, олардың біліктілігін арттыру қажет» деп көрсетілген [1].
Болашақ инженер-техник және медицина саласындағы мамандарға физикадан білім беруде ақпараттық технологиялар(АТ) мен бірге жаңа педагогикалық технологияларды (ЖПТ), виртуалды зертханалық жұмыс(ВЗЖ) -тар, физикадан тәжірибелер мен процесстерді компьютер көмегімен модельдеп оқыту анағұрлым болашағы бар актуалды мәселелерден бірі болып табылады. Виртуалды – анимациялық компьютерлік модельдер мұғалімге компьютер экранында көптеген физикалық эффекттермен процесстерді қайталап көрсетуіне, студенттердің жаңа дәстүрлі емес оқу іс - әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді. Студенттер оқытушының жетекшілігімен немесе өздігінен физика сабағынан зертханалық жұмыстарды орындау кезінде физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен, тәжірибелер мен процесстерді зерттеумен, өз бетімен физикалық құралдардан да пайдаланады және оларды құрастыру жолдарымен танысады, өздігінен тәжірибе жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда дәрістік және зертханалық сабақтардың көбі физиканы үйренуге арналған әртүрлі педагогикалық бағдарламалық құралдарды (ПБҚ) немесе физика бойынша ВЗЖ-ды жетілдіруге бағытталған болып, мұнда олар компьютерлік бағдарламалардің көмегімен өткізіледі. Заманауи ғылымның даму сатысында оның әдістемелік бағытталуы ғылыми ойлау стилінің беделді ерекшелігі болып келеді. Есептеу құралдармен ПБҚ-ның қарқынды дамуына сай көзделген пәнді оқыту бойынша кейбір зертханалық жұмыстар, программаланған виртуалды – анимациялық технологиялармен жүргізіледі. Физикалық құбылыстар, тәжірибелер менен процесстердің математикалық және физикалық модельденуі қарқынды дамып, білім берудің негізгі әдістемелік тәсілдерінің біріне айналып келеді. Сол себепті, физиканың заманауи дамуы кезеңінде дәстүрлі таным әдістермен қатар оның жаңа құрылымы да танылған болып есептеледі.
Оқу процессіндегі анимациялық ВЗЖ-тард оқытушы басқаруымен болашақ инженер-техник, дәрігер мамандарға төмендегі мүмкіншіліктерді береді:
тәжірибелік құрал-жабдықтардың қауіптілігінен сақтандырады;
түрлі дәрежедегі күрделі құбылыстарды қайталап көре біледі;
нысан параметрлерінің өзгеруін көре алады;
күрделі техникалық тәжірибелерді экологиялық таза орындайды;
қалыпты жағдайда қан тұтқырлығын анықтайды.
Сондай-ақ, кәсіптік-техникалық және жоғарғы оқу орындарында физика бойынша білім берудің жаңа әдістемесінің дамуымен жаңалануы әртүрлі бағыттарда жүргізіліп келеді. Бір-бірінен көлемі, құрылымы мен мазмұны бойынша ерекшеленетін әртүрлі бағдарламалардың пайда болуы, заманауи АТ мен ЖПТ-дің оқу процесін компьютерлендіру идеясы физикадан білім беру әдістемесіне өз әсерлерін тигізеді. Дегенмен, ВЗЖ толығымен физикалық зертхананы ауыстыра алмайды, бірақ бірін-бірі өздігінен толықтырады. Оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сондықтан белгіленген тақырыптағы шынайы эксперименттерге, виртуалды-анимациялық түрдегі жұмыс, қосымша тапсырма ретінде де ұсынылуы мүмкін.
Физика курсының оқулықтары менен бағдарламаларына, сонің ішінде сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтауға арналған тақырыптарға талдау жасағанымызда, жалпы білім беретін орта мектептің 10 сынып жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулықтың «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы» тарауында «Тұтқыр сұйық»[2, б.100-101], қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулықтың «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы» тарауында «Тұтқыр сұйықтың ағысы» тақырыптарынан сұйықтың тұтқырлығын анықтауға болатыны туралы алғашқы мәліметтерді мектеп табалдырығынан игереді [3, б.80-82]. Бірақ бұл тақырыптарға арналған зертханалық жұмыстар мектеп оқулықтарында кездеспейді. Сұйық қозғалысының заңдылықтары, ламинарлы және турбулентті ағыстың түрлері, сондай-ақ, сұйықтардағы молекулалық құбылыстар, молекулалық қысым, Стокс заңы, сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті, ішкі үйкеліс күштері туралы анықтамаларды ЖОО-ның техникалық бағыттағы мамандықтары білім алушы студенттермен магистранттары терең түрде дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен оқу типтік бағдарлама бойынша үйренеді.
Студенттерге арналған оқулықтарға зерттеулер жүргізгенімізде болашақ мамандар, Т.Бижігітовтің «Жалпы физика курсы» оқулығындағы «Тұтас орталар механикасының элементтері» тарауында «Тұтқырлық және оны анықтаудың әдістері» тақырыбы [4, б.211-217], Ж.Абдулаевтың «Механикаға кіріспе» оқулығындағы «Сұйықтың қозғалысы» тарауында «Тұтқыр сұйықтың қозғалысы» және «Стокс заңы» тақырыптары [5, б.66-72], Ж.Ақылбаев, В.Гладков, Л.Ильина, А.Тұрмұхамбетов «Механика» оқулығындағы «Тұтас орта механикасының негіздері» тарауы бойынша «Ішкі үйкеліс күштері», «Құбырдағы тұтқыр сұйықтың ағысы» тақырыптары [6, б.265-269], «Механика» бөліміне арналған«Жалпы физикалық практикум» оқулығындағы «Сұйықтың тұтқырлығын Стокс әдісімен анықтау» зертханалық жұмысы [7, б.129-137], Н.Қадіров, Н.Қойшыбаев «Механика. Молекулалық физика» оқулығындағы «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы» тарауында «Тұтқырлық. Пуазейль өрнегі» [8, б.127-131] тақырыптары бойынша тереңірек қарастырып кетеді.
Интернет желісіндегі физика пәнін оқытуға арналған электронды оқулықтарға, физика бойынша ғылыми эксперименттерге, интерактивті ресурстар жинағымен т.б. қызықты материалдарға, сондай-ақ, физика оқытушыларына арналған, физикалық процесстерді түсіндіруге көмек бере алатындай, көруге және көшіріп алуға болатындай мәліметтермен жабдықталған материалдарына талдау жүргізілді. Физика курсының «Тұтас орта механикасы негіздері» бөлімін оқытуға тиісті жаңа АТ-ды қолданудың мүмкіндіктері, ВЗЖ-тар мен анимациялар, электронды оқулықтарға талдау жасағанымызда төмендегі мәліметтер анықталды. Мұнда:
Физика бойынша және басқа да пәндерге арналған электронды танымдық қорлар (http://www.umu.ukgu.kz/book/);
мектепке қабырғасына арналған әртүрлі пәндер бойынша электронды қорлар (http://gdegde.kz/elektronnye_uchebniki_kargtu); Бұл сайтта физика саласынан теориялық механика бойынша ғана электронды оқулықтар мен анимацияларды кездестіруге болады;
жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына және ЖОО-ның студенттеріне арналған http://barsic.spbu.ru/www/lab_dhtml/ сайтта жалпы физиканың барлық тарауларының негізгі заңдылықтарына ВЗЖ жасалынған. Бірақ, бұл сайтта сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтауға байланысты бірде-бір жұмыс көрсетілмеген;
физика бойынша және басқа да пәндерге арналған (http://www.umu.ukgu.kz/book/) электронды танымдық қордың ішіндегі мына сілтемеде http://www.kaznpu.kz/docs/disert/disser_Sharm.pdf виртуалды аспаптарды мұғалім демонстрациялық құрал-жабдықтар болмаған жағдайда ғана пайдалану керектігіне тоқталады;
физика пәніне арналған сайт. Анимациялар австралиялық аниматормен жасалған (http://physics1.ucoz.net/); Бұл жерден тек оқушыларға арналған анимациялар мен зертханалық жұмысты көруге болады. Ал, сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті туралы мәлімет бұл сайтта көрсетілмеген;
үш тілдегі физика (http://sanatez.ucoz.ru/). Бұл сайттан оқушылар мен студенттерге арналған оқулықтарды, мақалаларды және физик ғалымдар туралы мәліметтерді үш тілде кездестіре аласыз. Бірақ, бұл сайтта да сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті, Стокс заңы қарастырылмаған;
ҚР-нің (http://www.physic.kz) физиктерді қолдау сайтында физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, ойын элементтерін қолдану және «Физика курсы», «Электростатика», «Теориялық механика», «Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану», «Ядро және элементар бөлшектер физикасы» бойынша электрондық оқулықтар көрсетілген;
тегін онлайн сабақтар физика пәні бойынша http://bilimland.kz/kk/home сайтында «Физика негізі», «Механика», «Молекулалық физика», «Электродинамика», «Оптика», «Кванттық физика» бөлімдеріне арналған электронды оқулықтар, соның ішінде «Молекулалық физика» электронды оқулығында «Молекулалық -кинетикалық теория негізі», «Термодинамика» және «Газ және сұйық, қатты денелердің қасиеттері» тарауларына арналған видео сабақтар қарастырылған. Ал «Тұтқырлық. Ішкі үйкеліс» тақырыбына анимация келтірілгенімен, ВЗЖ қарастырылмаған;
«Стокс әдісі бойынша сұйықтардың ішкі үйкеліс коэффициентін анықтау» тақырыбындағы ВЗЖ http://www.all-fizika.com/ сайтында ашып көрсетілген.
Осы ВЗЖ–та, жұмыстың мақсаты, керекті құрал-жабдықтары, жұмысты орындау ережесі және қандай бағдарламамен кімдер жасағаны туралы мәліметтер келтірілген. Бұл виртуалды зертханада ацетон, бензол, су, керосин сұйықтарының тұтқырлық коэффициенттерін анықтауға болады. Жоғарыда көрсетілген сұйықтар биіктігі 150 см болатын цилиндр тәрізді ыдысқа құйылған, жанына шкала орнатылған. Бұл жерде қорғасын шар таңдалған сұйық ішінде орналасқан, оның қозғалысы жұмысты орындау кезінде арнайы түймені курсор көмегімен басқан кезде қозғалысқа келеді. Сұйықтарды таңдау кезінде олардың түсі өзгереді. Бірақ-та осы ВЗЖ –тың бірден-бір кемшілігі қорғасын шардың сұйық ішіндегі қозғалыс жылдамдығы түзусызықты бірқалыпты қозғалысқа ерісуі қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл виртуалды жұмыс тек орыс тілінде білім алушыларға арналған.
Жүргізілген зерттеулермен талдаулар нәтижесінде физика курсының «Тұтас орталар механикасының элементтері» тарауын жетілдіру карастырылып, авторлар құрастырған «Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау» тақырыбындағы жаңа виртуалды зертханалық жұмыс, арнайы Java Script анимациялық программа көмегімен құрастырылды және оны орындау әдістемесі жасалды (1-сурет).
1-сурет. «Стокс әдісі бойынша сұйықтардың ішкі
үйкеліс коэффициентін анықтау» ВЗЖ-тің моделі.
Виртуалды тәжірибені орындау үшін электронды құрылғыдағы тіл таңдау түймесін курсор көмегімен басып қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріне ауысуға болады. Мұнда компьютер экранының жоғары бөлігіндегі зертханалық жұмыс тақырыбы қазақ тілінде «Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау», орыс тілінде «Определение коэффициента вязкости жидкости методом Стокса», ағылшын тілінде «Determation of the liquidviscosity ratio by Stokes method», сондай-ақ, цилиндрлік ыдыстарға жазылған кастор майы, спирт, глицерин, машин майы және зәйтүн майы сөздері, болат, қорғасын, мыс бытыралары тиісті тілге ауысыда. Цилиндрлік ыдыстардың орта бөлігіне бытыра қозғалыстарының динамикасын бақылау үшін арнайы горизонтал екі белгі қойылған, олардың арақашықтығы 50 см.-ге тең деп алынған. Жұмысты орындаушы осы аралықта бытыраның түзусызықты бірқалыпты қозғалысқа келуін бақылайды және таңдалынған сұйықтардың біреуіне тасталынған шардың осы аралықтан өту уақытын секудомер көмегімен өлшейді. Шарлар сұйықтарға тасталынған кезде электронды құрылғының төменгі бөлігіне арнайы кесте пайда болады. Мұнда, таңдалған сұйық және шардың аттары, шар радиусымен оның арнайы аралақтағы қалыпты қозғалысының уақыты секунтта жазылады, бұл орындаушының тәжірибені қанша рет орындағанын көрсетеді.
Авторлар құрастырған бұл виртуалды жұмыстың жоғарыда баяндалған (көрсетілген) ВЗЖ - тан айырмашылығы:
жұмыс үш тілде орындалады (қазақ, орыс және ағылшын);
шар тәрізді болат, қорғасын, мыс бытыралар түрлері және олардың диаметрін таңдау (1см, 1,5см, 2см) мүмкінділігі бар;
жұмыста кастор майы, спирт, глицерин, машина және зәйтүн майы сұйықтарының тұтқырлық коэффициенттер анықталынады;
ВЗЖ-тың сипаттамасын оқуға және оны көшіріп алуға мүмкіндіктер бар.
Жұмыстың теорялық бөлімі жоғарыда аталған оқулықтарды пайдаланып құрастырылған. «Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау» тақырыбына байланысты зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды техникада, күнделік тұрмыста кездесетіруге болады және түсті сұйықтардың тұтқырлық коэффициенттері анықталады.
Жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіптік-техникалық және жоғарғы оқу орындарында физика пәні бойынша зертханалық сабақты жүргізуді ВЗЖ жетілдіру мақсатында дәстүрленген материалдарды, анимациялар мен виртуалды жұмыстарды тиімді және орынды пайдалану мәселелерін зерттеу негізінде оқу процессін сапалы ұйымдастыру, виртуалды-анимациялық жұмыстарды қолданып оқыту әдістемесі пайда болды.
Осы ұсынылып отырған әдісті, жаратылыстану бағытындағы ЖОО физикасының зертханалық сабағын ВЗЖ-тан пайдаланып оқытуға, физика пәнін оқыту маңыздылығына әсерін, студенттердың игеру дәрежесін тексеру мақсатындағы педагокикалық тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруға, өткізу әдістері мен мазмұнын таңдап алуға мүмкіншілік береді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын тізбекті түрде өткізу үрдісіне төмендегі негізгі міндеттер қойылды:
- жаратылыстану бағытындағы ЖОО-да физикадан білім беру ісіндегі оқу бағдарламалары бойынша дәстүрлі оқытудағы студенттердың «Тұтас орта механикасы негіздері» тарауы бойынша алған білім дәрежесін үйрену;
- осы білім ошақтарының жиынтық оқу бағдарламасы негізінде физикадан виртуалды-анимацияларды пайдаланып оқытуды ұйымдастыру;
- жаратылыстану пәндер бағыттағы оқу орындарында жиынтық оқу бағдарламасы негізінде физиканы виртуалды-анимацияларды пайдаланып оқыту мүмкіншіліктерін зерттеу және ұсынылған технология бойынша олардың нанымдылығы мен маңыздылығын тексеру.
Тәжірибе нәтижелерін алу үшін ВЗЖ-ты пайдаланып оқыту әдісінен, сондай-ақ, сұрақ-жауап, бақылау мен тестілеу, ауызша және жазба жұмыс түріндегі әр түрлі әдістер пайдаланылды. Өткізілген педагогиклық тәжірибелік-эксперимент жұмыстары, тәжірибе және бақылау топтары студенттерінің «Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау» деп аталатын ВЗЖ-ты оқу үрдісіне енгізу, оқыту сапасына маңызды әсер ететіндігі, тәжірибе топтарындағы тиімділік, бақылау топтарымен салыстырғанда орта есеппен 18 пайызға артқанын көрсетті.
Қорыта келгенде зерттеу нәтижесінде ҚР-нің жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары және Интернет желісіндегі арнайы бағдарламалар талқыланып, негізгі ұғымдарымен физикалық шамаларғағылыми талдау жасалып физика курсының «Тұтас орта механикасы негіздері» тарауының, «Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс заңы» тақырыбына, «Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау» атты тақырыпта жаңа виртуалды зертханалық жұмыс Java Script арнайы программасы көмегімен жасалды, көзделген тақырып педагогикалық бағдарламалық құралдармен толықтырылды және жетілдірілді, оны орындау әдістемесі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылды. Басқа да виртуалды зертханалық жұмыстармен салыстырылып, кемшіліктері толықтырылды.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшыбаев. Физика 10. – Алматы.: Мектеп, 2010. -384 бет.
Р.Башарұлы, Г.Байжасарова, У.Тоқбергенова. Физика 10.– Алматы.: Мектеп, 2010. -176 бет.
Т.Бижігітов. Жалпы физика курсы. -Алматы.:ЖШС «Экономика», 2013.-890 бет.
Ж. Абдулаев. Механикаға кіріспе. -Алматы.:Мектеп, 1988.-95 бет.
Ж.Ақылбаев, В.Гладков, Л,Ильина, А.Тұрмұхамбетов. Механика.-Астана.: Фолиант, 2011.- 360 бет.
Жалпы физикалық практикум. Механика.-Алматы.:Қазақ Университеті 2001.- 176 бет.
Н.Қадіров, Н.Қойшыбаев. Механика. Молекулалық физика.-Алматы.:Қазақ Университеті 2001.- 272 бет.
Аннотации: В данном исследование проанализорованы программы, учебники и учебно-методический средств для общеобразовательных школ, профессионально-технических и высших учебных заведений РК и специальные программы с Интернета. А также обсуждались основных понятий физических параметров. В работе определены достижения и недостатки преподавания, обсужденных в разделе курса физики "Основы механики сплошных сред».
Было выполнена виртуальная лабораторная работа для определения вязкости жидкости по методу Стокса, описана его характеристика использования, а также описано усовершенствование метода обучения. Которая предусмотрела и была дополнена ИПП-ой, методика была переведена на казахский, русский и английский языки.
Abstract: This study analyzed the curricula, textbooks and teaching resources for secondary schools, vocational and higher educational institutions of Kazakhstan and special programs from the Internet. Also discussed the basic concepts of physical parameters. Research identified the achievements and shortcomings of teaching discussed in the section of Physics course "Basics of continuum mechanics."
It has been made a virtual lab to determine the liquid viscosity by the Stokes Method, described its use characteristic, as well as described the improvement of teaching method. Which provided for and has been supplemented by the PPI, a technique has been translated into Kazakh, Russian and English languages.
Ключевые слова: жидкости, шары, коэффициент вязкости жидкости, программы, методы, виртуальная лабораторная работа, анимации.
Keywords: liquids, balls, liquid viscosity, programs, methods, virtual lab, animations.
Достарыңызбен бөлісу: |