Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 260 г; B) 270 г; C) 280 г; D) 290 г; E) 300 г.
30. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы жатқан қабырғаларын 10%-ке арттырған. Оның ауданы қанша процентке артқан?
A) 10 %; B) 15 %; C) 18 %; D) 20 %; E) 25 %.
31. Тауардың құны 64 теңге болатын. Арзандағаннан кейін оның бағасы 56 теңге болды. Тауардың бағасы қанша процентке арзандады?
A) 10,5 %; B) 11,5 %; C) 12,5 %; D) 13,5 %; E) 14,5 %.
32. Берілген санды 25%-ке кеміткен. Бастапқы берілген санды шығарып алу үшін жаңадан шыққан санды қанша процентке арттыру керек?
A) %; B) %; C) %; D) %; E) %.
33. Сыныптағы балалар барлық оқушылардың 75%-ін құрады. Сыныптағы қыз балалар 8. Сыныпта барлығы қанша оқушы бар?
A) 25 адам; B) 28 адам; C) 30 адам; D) 32 адам; E) 35 адам.
34. Кесек сымның алдымен 55%-ін, ал одан кейін қалдықтың 40%-ін кесіп алған. Сымның неше проценті қалған?
A) 25 %; B) 26 %; C) 27 %; D) 28 %; E) 29 %.
35. Жұмысшының жалақысын алдымен 15%-ке, ал бір жылдан кейін 20%-ке арттырған. Жұмысшының жалақысы бастапқы жалақымен салыстырғанда қанша процентке артқан?
A) 35%-ке; B) 36%-ке; C) 38%-ке; D) 40%-ке; E) 42%-ке.
36. Тауардың құнын алдымен 10%-ке, ал одан кейін 20%-ке кемітсек, онда оның бағасы қанша процентке арзандайды?
A) 25%-ке; B) 26%-ке; C) 27%-ке; D) 28%-ке; E) 30%-ке.
37. 12%-тік тұз ерітіндісінің 7,5 кг-на, 10%-тік тұз ерітіндісін шығарып алу үшін оған қанша су құю керек?
A) 1,1 кг; B) 1,2 кг; C) 1,3 кг; D) 1,4 кг; E) 1,5 кг.
38. Егер квадраттың периметрін 10%-ке арттырсақ, оның ауданы қанша процентке артады?
A) 15%-ке; B) 18%-ке; C) 21%-ке; D) 24%-ке; E) 27%-ке.