Оқушылардың 5-9 сыныптарда алған базалық математикалық білімдері негізінде, олардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды жетілдіру;
Теориялық білімдерін практикалық дағдылары мен біліктерін дамыту арқылы бекіту;
Оқушыларға тест жұмыстарын орындау барысында қиындық тудыратын математикалық есептердің негізгі түрлерін анықтау және оларды шығарудағы негізгі идеялар, тәсілдер мен әдістерді дамыту;
Алынған нәтижелерді талдай отырып, білімдегі олқылықтарды жою жолдарын қарастыру;
Оқушылардың алған білімдерін қортындылау, талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
Жетелей оқытуды іске асыру. Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, олардың пәнге қызығушылығын арттыру;
Математикалық қабілеттерін дамыту және жетілдіру;
Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіру;
Қажетті нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
Жадысы мен аналитикалық ойлауды дамытуға көмектесу;
Күрделі есептерді шығарудағы қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу;
Тестпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Бақылау түрлері:
Ағымдағы бақылау, практикалық, өздігінен жұмыс.
Тақырыптық бақылау: тест
Қорытынды бақылау: тоқсандық және жарты жылдық қортынды тест.
Оқушылардың біліміне, біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар:
Практикалық тапсырмаларды орындауға уақыттың көп бөлінуі, бұл теориялық білімді пысықтаумен бірге, өздігінен шешім қабылдай білу;
Берілген тапсырмаларға шығармашылық көзқарас:
Есептің шешімдерін алдын ала сезіну және болжай білу;
Мүмкіндіктің көп болуы;
Саналылық пен жауапкершілік;
Ой дербестігі;
Есептің шартын тез түсініп оны жүйеге келтіріп, шығару алгоритмін таба білу. Теориялық мәліметтерді формулалар мен анықтамалар түрінде қолдана білу;