Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
C) 60 км/сағ; 80 км/сағ немесе 80 км/сағ; 100 км/сағ;
D) 50 км/сағ; 60 км/сағ; E) 65 км/сағ; 85 км/сағ.
25. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші поезд екіншісінен 1 сағ кеш шығып, екінші поездың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әрбір поездың жылдамдығын табыңыз.
A) 40 км/сағ; 45 км/сағ; B) 45 км/сағ; 50 км/сағ; C) 50 км/сағ; 55 км/сағ;
D) 55 км/сағ; 60 км/сағ; E) 60 км/сағ; 65 км/сағ.
26. Велосипедші 15 км қашықтықты жүріп өтуі керек еді. Белгіленген мерзімнен 15 минутқа кеш шыққандықтан оған жылдамдығын 2 км/сағ арттыруға тура келді. Сөйтіп велосипедші баратын жеріне белгіленген уақытында жетті. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтіп еді?
A) 9 км/сағ; B) 10 км/сағ; C) 11 км/сағ; D) 12 км/сағ; E) 13 км/сағ.
27. Моторлы қайық өзен ағысы бойымен 14 км, ал сонан соң ағысқа қарсы 9 км қашықтықты жүзіп өтуі үшін барлығы 5 сағ уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 2 км/сағ; B) 2,5 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 3,5 км/сағ; E) 4 км/сағ.
28. Жеңіл машина жүк машинасына қарағанда 2 минут кеш шықты, оны 10 км жүргенде қуып жетті. Егер жеңіл машина жүк машинасына қарағанда сағатына 15 км артық жүретін болса, онда машиналардың жылдамдықтары қандай?
A) 50 км/сағ; 60 км/сағ; B) 55 км/сағ; 65 км/сағ; C) 60 км/сағ; 70 км/сағ;
D) 60 км/сағ; 75 км/сағ; E) 65 км/сағ; 80 км/сағ.
29. Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанда осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ артық. Поездың жылдамдықтарын табыңыз.
A) 48 км/сағ; 36 км/сағ; B) 47 км/сағ; 35 км/сағ; C) 50 км/сағ; 62 км/сағ;