Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
14. Асан өзендегі сумен 8 минутта ағысқа қарсы 400 м, ал ағыспен 5 минутта 600 м жүзді. Өзен ағысының жылдамдығын анықтаңыз.
A) 85 м/мин; B) 60 м/мин; C) 50 м/мин; D) 35 м/мин; E) 15 м/мин.
15. Қанат пен Марат спорттың жүгіру түрімен айналысады. Қанаттың жылдамдығы Мараттың жылдамдығынан 3 км/сағ-қа кем. Марат белгілі бір ара қашықтықты 2 сағатта, ал Қанат 2,5 сағатта жүгіріп өтсе, онда ара қашықтық неге тең?
A) 24 км; B) 26 км; C) 28 км; D) 30 км; E) 32 км.
16. Жолаушы жолдың бөлігін жүргеннен кейін, жылдамдығын 4 есе ұлғайтып, жолды 10 сағатта жүріп өтті. Жолаушы жолдың бөлігіне қанша уақыт жұмсады?
A) 2 сағ; B) 3 сағ; C) 4 сағ; D) 5 сағ; E) 6 сағ.
17. Жолаушы жолды км/сағ жылдамдықпен сағатта жүріп өтті. Егер ол жылдамдығын 1 км/сағ-қа азайтса, бүкіл жолдың қанша уақытта жүріп өтеді?
A) сағ; B) сағ; C) сағ; D) сағ; E) сағ.
18. Спортшы жолды 1 сағатта жүгіріп өтуі керек. Егер ол жолдың бөлігін сағатта жүгіріп өтсе, межеге уақытымен жету үшін жылдамдығын неше есе арттыру керек?
A) ; B) ; C) ; D) 2; E) 3.
19. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км және өзен ағысымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 2 км/сағ; B) 2,5 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 3,5 км/сағ; E) 4 км/сағ.
20. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен 139 км жүзіп барып, қайта оралып қайтып келді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 2 км/сағ; B) 2,5 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 3,5 км/сағ; E) 4 км/сағ
21. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ 20 мин жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 18 км/сағ; B) 20 км/сағ; C) 22 км/сағ; D) 24 км/сағ; E) 25 км/сағ.
22. Моторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүзді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.
A) 2 км/сағ; B) 2,5 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 3,5 км/сағ; E) 4 км/сағ.
23. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағ уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 8 км/сағ; B) 9 км/сағ; C) 10 км/сағ; D) 11 км/сағ; E) 12 км/сағ.
24. Велосипедші 49 км жолды 3 сағатта жүріп өтті. Бірақ әрбір келесі сағатта, алдыңғы сағатқа қарағанда 2 есе аз жол жүрді. Велосипедші соңғы сағатта қанша жол жүрді?
A) 5 км; B) 6 км; C) 7 км; D) 8 км; E) 9км.
25. Қанат велосипедпен ауылдан көлгедейін барып, кідірместен кері қайтты, содан бүкіл жолға 4 сағ уақыты кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
A) 5 км; B) 6 км; C) 7 км; D) 8 км; E) 9 км.
26. Параход өзен ағысымен 3 сағатта жүріп өткен жолын қайтар жолында 5 сағатта жүріп өткен. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Параходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 16 км/сағ; B) 18 км/сағ; C) 20 км/сағ; D) 22 км/сағ; E) 24 км/сағ.
27. Мотоциклші 5 сағатта велосипедшінің 4 сағатта жүрген жолынан 259 км артық жүреді. 10 сағатта велосипедші мотоциклшінің 2 сағатта жүретін жолынан 56 км артық жүреді. Велосипедшінің жылдамдығы қандай?
A) 15 км/сағ; B) 16 км/сағ; C) 17 км/сағ; D) 18 км/сағ; E) 19 км/сағ.
28. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2м, ал түлкі бір секіргенде 1м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді?
A) 105 м; B) 110 м; C) 115 м; D) 120 м; E) 125 м.
29. Велосипедші бүкіл жолды белгілі жылдамдықпен 2 сағатта жүріп өтуі керек еді. Ол жылдамдығын 3 км/сағ арттырғандықтан, бүкіл жолды сағатта жүріп өткен. Жолдың ұзындығын табыңыз.
A) 25 км; B) 30 км; C) 35 км; D) 40 км; E) 45 км.
30. Ара қашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?
A) 20 км/сағ; B) 22 км/сағ; C) 25 км/сағ; D) 28 км/сағ; E) 30 км/сағ.
31. Сағатына 70 км/сағ жол жүретін жүрдек поезд С станциясынан Д станциясына қарай шықты, ал 1 сағ өткеннен кейін оған қарама-қарсы Д станциясынан сағатына 45 км/сағ жол жүретін жүк поезы шықты. Егер СД темір жол бөлігінің ұзындығы 530 км болса, онда осы екі поезд, Д станциясынан қандай қашықтықта бірімен-бірі кездесер еді?
A) 180 км; B) 190 км; C) 200 км; D) 210 км; E) 220 км.
32. Кеменің тынық судағы жылдамдығы 50 км/сағ ол А-дан В-ға дейін өзен ағысымен жүзгенде 3 сағ, ал кері қайтқанда 4,5 сағ уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 8 км/сағ; B) 9 км/сағ; C) 10 км/сағ; D) 11 км/сағ; E) 12 км/сағ.
33. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Кеме -нен -ге дейін өзен ағысымен 3 сағ, ал кері қайтқанда 4,5 сағ уақыт жұмсады. Кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 20 км/сағ; B) 22 км/сағ; C) 24 км/сағ; D) 25 км/сағ; E) 26 км/сағ.
34. Туристтік базадан 4 км/сағ жылдамдықпен жаяу адам шықты. Оның соңынан 4,5 сағаттан кейін жылдамдығы 76 км/сағ болатын автомобиль шықты. Жаяу адамды автомобиль туристтік базадан қандай қашықтықта қуып жетеді?
A) 18 км; B) 19 км; C) 20 км; D) 21 км; E) 22 км.
35. Ара қашықтығы өзен бойымен алғанда 60 км болатын екі пунктен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі маторлы қайық шықты. Олардың меншікті жылдамдықтарының бір-бірінен айырмашылықтары 1,5 есе. Олар екі сағаттан кейін кездесті. Қайықтардың меншікті жылдамдықтарын табыңыз.
A) 10 км/сағ және 15 км/сағ; B) 8км/сағ және 12 км/сағ;