Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
12. Жұмысшы күндік өнімділігін 27 детальға артық ендіріп, күніне 297 деталь дайындап шығаратын болды. Ол еңбек өнімділігін қанша процентке арттырды?
A) 10 %; B) 12 %; C) 15 %; D) 18 %; E) 20 %.
13. а санын 10%-ке арттырған, ал одан кейін оны 10%-ке кеміткен. Сан қанша процентке өзгерген?
A) 1%-ке артқан; B) 1%-ке кеміген; C)өзгермеген; D) 0,1%-ке артқан;
E) 0,1%-ке кеміген.
14. 400 санын алдымен 5%-ке, ал одан кейін тағы да 5%-ке арттырған. Сондағы шыққан санды табыңдар.
A) 411; B) 421; C) 431; D) 441; E) 451.
15. Тік бұрышты үшбұрыштың бір катетін 80%-ке арттырып, ал екінші катетін 75%-ке кеміткен. Үшбұрыштың ауданы қалай өзгерген?
A) 45%-ке артқан; B) 45%-ке кеміген; C) 55%-ке артқан; D) 55%-ке кеміген; E) 50%-ке кеміген.
16. Ромбының бір диагоналын 40%-ке арттырып, ал екінші диагоналын 20%-ке кеміткен. Ромбының ауданы қанша пайызға өзгерді?
А) 12%-ке артқан; В) 12%-ке кеміген; С) 15%-ке артқан; D) 15%-ке кеміген;
E) 18%-ке артқан.
17. Коммерсант бір бұйымды 1000 теңгеге сатып алды. Ол оны бастапқы бағасынан 20%-ке қымбат бағамен сатуға жіберді, бірақ одан кейін оның бағасын 10%-ке төмендетіп сатуға мәжбүр болды. Бұйым қанша теңгеге сатылды?
A) 1040 теңге; B) 1050 теңге; C) 1060 теңге; D) 1070 теңге; E) 1080 теңге.
18. Үш ағаш дайындалушылар бригадасы жұмыс істеді. Бірінші бригадада барлық жұмысшылардың 36%-і, ал екінші бригададағы жұмысшылардың саны бірінші бригадаға қарағанда 172-ге артық, ал қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада жұмыс істеді. Барлық үш бригадада қанша жұмысшы болды?
A) 500; B) 550; C) 600; D) 650; E) 700.
19. Екі жұмысшы бір ауысымда 72 деталь дайындады. Бірінші жұмысшы еңбек өнімділігін 15%-ке, ал екіншісі 25%-ке арттырған соң олар бір ауысымда 86 деталь дайындап шығаратын болды. Әрбір жұмысшы еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін қанша детальдан шығарғанын табыңдар.