5 зертханалық жұмыс «Изопроцестерді зерттеу»



Дата10.02.2020
өлшемі33,5 Kb.
#57586
Байланысты:
0000a0ba-05334760

5 зертханалық жұмыс

«Изопроцестерді зерттеу»

«Гей-Люссак заңын тәжірибе жүзінде тексеру»

Мақсат: Гей-Люссак заңының дұрыс екенін дәлелдеу

Құрал-жабдықтар: бір шеті бекітілген шыны түтік, ыстық суы бар ыдыс (сыныпқа бір ыдыс жеткілікті), зертханалық термометр, өлшегіш сызғыш, пластилин, биіктігі 40-50 см суық суы бар шыны ыдыс, штатив қосымша құралдарымен.

Қысқаша теория: Массасы өзгермеген жағдайда газдың екі күйі үшін Гей-Люссак заңы орындалады: V1 / V2 = T1 / T2 (1)

Түтіктегі газдың екі күйін бақылайық.

Біріншіде түтік ашық жағы жоғары қаратылып ыстық суға салынған. Газдың қысымы атмосфералық қысымға, температурасы ыстық судың температурасына, көлемі шыны түтіктің көлеміне тең. V1 = S l1 (2) S – түтіктің көлденең қимасының ауданы.

Екіншіде түтік ашық жағы төмен қаратылып суық суға салынған. Газдың қысымы (бірінші жағдайдағыдай) атмосфералық қысымға тең, егер түтіктегі судың еркін бетін ыдыстағы судың еркін бетімен бірдей қылсақ. Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін, газдың температурасы суық судың температурасына тең болады. Газдың көлемі: V2 = S l2 (3)



(2) және (3) теңдеудің мәндерін (1) теңдеуге қоямыз да, есептеу формуласын аламыз.

h1 / h2 = T1 / T2 h1 T2 / h2 T1 = 1
Жұмыстың орындалу барысы:

  • Термометр мен тұтікті (ашық жағын жоғары қаратып) ыстық суы бар ыдысқа саламыз.

  • Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін, түтіктің ауасы бар бөлігінің ұзындығын өлшеп кестеге енгізіп, ауызын пластилинмен бекітеміз.

  • Орнаған температураны өлшеп, мәнін оС және оК –мен кестеге енгіз.

  • Түтікті жабық жағын төмен қаратып суық суға салып, пластилинді аламыз.

  • Жылулық тепе-теңдік орнаған соң, түтіктегі судың еркін беті ыдыстағы судың еркін бетімен теңескенше түтікті жоғары көтереміз.

  • Түтіктің ауасы бар бөлігінің ұзындығын өлшейміз. Суық судың температурасын өлшеп, өлшенген шамаларды кестеге енгіземіз.

  • h1 / h2 , T1 / T2 , h1 T2 / h2 T1 қатынастарын есептейміз.

  • Абсолют және салыстырмалы қатені есепте. ∆ = 1 – (h1 T2 / h2 T1)

Ԑ = (∆ / 1) 100 %



  • Істеген жұмысыңнан қорытынды шығар:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет