Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет68/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе

A) 4 л; B) 6 л; C) 8 л; D) 10 л; E) 12 л.
12. 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз.
A) 130 г; B) 140 г; C) 150 г; D) 160 г; E) 170 г.
13. Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз.
A) 40 кг; B) 45 кг; C) 50 кг; D) 55 кг; E) 60 кг
14. 18%-тік 2 кг тұз ерітіндісіне бір стакан (0,25 кг) су араластырған. Сонда тұз ерітіндісінің жаңа концентрациясын табыңыз (пайыз есебінен алғанда).
A) 12%; B) 14%; C) 16%; D) 18%; E) 20%.
15. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 30 кг теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
A) 50 кг; B) 55 кг; C) 60 кг; D) 65 кг; E) 70 кг.
Теңдеу құруға берілген мәтіндік есептерді шешу тақырыбына арналған
тестік бақылау жұмысы.


1-нұсқа
1. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүруі тиіс еді. Ол бұл жылдамдықты 1 км/сағ-қа арттырып, 10 км. жолды 20 минут тез жүріп өтті. Жаяу адамның шын жылдамдығы қандай еді?
A) 4 км/сағ; B) 4,5 км/сағ; C) 5 км/сағ; D) 5,5 км/сағ; E) 6 км/сағ.
2. Жабық арбаның алдыңғы дөңгелегінің шеңбер ұзындығы 3 м-ге ал артқы дөңгелегінікі – 4,5 м-ге тең. Егер жабық арбаның алдыңғы дөңгелігі артқы дөңгелегіне қарағанда 20 айналым артық жасаған болса, ол қандай жол жүрген?
A) 150 м; B) 160 м; C) 170 м; D) 180 м; E) 200 м.
3. Арасы 25 км М және N пункт терінен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі жаяу адам шықты. Олардың біріншісі N пунктіне, екіншісінің М пунктіне жеткен уақытына қарағанда 2 сағ 5 мин. бұрын келді. Олар шыққаннан кейін 2,5 сағатта кездескен болса, олардың әр қайсысы сағатына неше км-ден жүріп отырды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет