Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Суретте көрсетілген гидравликалық машинаның кіші поршеніне 0,05 кН күш әсер етеді. Үлкен поршеннің әсер ету күші
A) 10000 Н.
B) 100 Н.
C) 10 Н.
D) 2000 Н.
E) 400 Н.
|
2. Траектория дегеніміз-дененің ...
A) бастапқы орны
B) бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді
C) соңғы координатасы
D) сызық түрінде қалдырған ізі
E) тыныштық күйі
|
3. Ұзындығы 20 м көлбеу жазықтық бойымен жүкті 10м биіктікке көтереді. Бұл кезде күштен
A) 0,5 есе ұтыс аламыз.
B) ұтыс жоқ.
C) 2 есе ұтыс аламыз.
D) 4 есе ұтыс аламыз.
E) 2,5 есе ұтыс аламыз.
|
4. Жүйе тұйық болса, онда
A) жүйедегі барлық денелердің импульсі азаяды.
B) жүйедегі барлық денелердің импульстерінің қосындысы тұрақты болады.
C) жүйедегі барлық денелердің импульсі тұрақты болады.
D) жүйедегі барлық денелердің импульсі тұрақты болмайды.
E) жүйедегі барлық денелердің импульсі артады.
|
5. Санақ жүйесін таңдап алу мақсаты
A) күшті сипаттау
B) жұмысты сипаттау
C) қозғалысты сипаттау
D) энергияны сипаттау
E) импульсты сипаттау
|
6. Массасы 0,5 кг суды 20°С-тан 21°С-қа қыздыру үшін қажет жылу мөлшері
(с = 4200 )
A) 10 кДж.
B) 6,8 кДж.
C) 21 кДж.
D) 42 кДж.
E) 2,1 кДж.
|
7. Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт
A) бүрку.
B) жұмыстық жүріс.
C) сығу.
D) шығару.
E) сору.
|
8. Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын физикалық шама-
A) электр қозғаушы күші.
B) электр заряды.
C) ток күші.
D) бөгде күштер.
E) электр кернеуі.
|
9. Бұрғы ережесі
A) магниттің солтүстік полюсін анықтайды
B) магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтайды
C) токтың бағытын анықтайды
D) тогы бар өткізгішке әсер етуші магниттік күштің бағытын анықтайды
E) магниттің оңтүстік полюсін анықтайды
|
10. Кез келген суы бар ыдыстағы су тереңдігінің оның шын мәнінен аз болып
көріну құбылысы
A) жарықтың диффузиялық шағылуына байланысты
B) жарықтың шағылуына байланысты
C) жарықтың жұтылуына байланысты
D) жарықтың сынуына байланысты
E) сұйықтықтың пішіні тұрақты болмауына байланысты
|
11. Тізбектей жалғанған шамдардың сәйкес сұлбасы
A) тек 2
B) тек 3
C) тек 1
D) 2 және 3
E) 1 және 3
|
12. Бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80 % , температурасы 15°С. Осы температурадағы судың қаныққан буының қысымы 1,71 кПа. Су буы қысымының мәні
A) 1,368 Па.
B) 136,8 Па.
C) 13,68 кПа. .
D) 1368 Па.
E) 13,68 Па.
|
13. Электрон мен нейтронның заряд таңбалары
A) электрон – оң, нейтрон – теріс
B) электрон және нейтрон – оң
C) электрон және нейтрон – теріс
D) электрон – теріс, нейтрон бейтарап
E) электрон – теріс, нейтрон – оң
|
14. Ең қысқа күн ...
A) 22 желтоқсан
B) 21 наурыз
C) 22 ақпан
D) 22 қаңтар
E) 21 сәуір
|
15. Жылыжайда көкөністі тез өсіру және өнімділігін арттыру үшін қосымша жарық көзін қолданады. Егістіктің 1,5 м2 ауданына қуаты 500 Вт шам тәулігіне 12 сағат бойы жарық түсіретін болса, 60 тәулік ішінде 90 м2 ауданға жұмсалатын энергия
A) 14400 кВт · сағ
B) 1296 МДж
C) 864 МДж
D) 6480 МДж
E) 21600 кВт · сағ
|
16. Үлкен бөлменің төбесіне ілінген люстра Жерге тартылады, бірақ құламайды, себебі
A) сымның серпімділік күші модулі бойынша ауырлық күшіне тең
B) сымның серпімділік күші ауырлық күшіне қарағанда артық
C) сымның серпімділік күші және ауырлық күші нөлге тең
D) сымның серпімділік күші артық, ал ауырлық күші нөлге тең
E) сымның серпімділік күші нөлге тең
|
17. Егер электр зарядын екі есе кемітіп, ток күшін екі есе арттырсақ, онда ток жүретін уақыт
A) Өзгермейді.
B) 2 есе азаяды.
C) 4 есе артады.
D) 4 есе азаяды.
E) 2 есе артады.
|
18. Жинағыш линзада шын, үлкейтілген, төңкерілген кескін алу үшін, нәрсені қоюдың дұрыстығы
A) фокус пен линзаның арасында
B) линзаның фокусы
C) фокус пен 2F фокус арасында
D) линзаның 2F фокусы
E) линзаның 2F фокусының арты
|
19. Тәрелке, стакан және бөтелкеге массалары бірдей су құйылды. Барлығына бірдей жағдайда, судың кебуі
A) тарелкеден тезірек
B) барлығында булану уақыты бірдей
C) бөтелкеден тезірек
D) стаканнан тезірек
E) тарелке мен стаканнан бірдей уақытта, ал бөтелкеден ұзағырақ
|
20. Суық суға толтырылған екі бірдей ыдысқа, қыздырылған алюминий және
қорғасын денелер батырылды. Денелердің массалары да,
температуралары да бірдей. Жылулық тепе – теңдік орнаған кезде
температурасы жоғарылау болатыны,
( , , ,
)
A) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның тығыздығы азырақ
B) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның көлемі көбірек
C) қорғасын салынған ыдыс, өйткені оның тығыздығы көбірек
D) алюминий салынған ыдыс, өйткені оның жылусыйымдылығы көбірек
E) қорғасын салынған ыдыс, өйткені оның жылусыйымдылығы азырақ
|
|