Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі



Дата05.09.2020
өлшемі16,94 Kb.
#77091
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ, 10сынып физика ГУМ
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша теориялық сабақтардың жүргізілу сапасы, 9.2. - тапсырма, 10.1. - тапсырма, статья, композиция қасиеттері киімді үлгілеу, Жұмыс дәптер31, Жұмыс дәптер31, композиция қасиеттері киімді үлгілеу, Жұмыс дәптер31, Жұмыс дәптер31, Жұмыс дәптер31

Физика пәні бойынша 10 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 1

Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы.Бұрғы ережесі

Мақсаты (оқушыға бағытталған):



Оқу мақсаттары: 10.4.1.1- өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну;

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

  • Магнит өрісі, күш сызықтары туралы түсінік алады

  • Бүрғы ережесін практкада қолдануды үйренеді

  • Магнит индукция векторының физикалық мағынасымен танысады

  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

  • Магнит өрісін тогы бар өткізгіштер, тұрақты магниттер туғызады.

  • Магнит өрісі- материяның ерекше түрі. Себебі магнит өрісі көзге көрінбейді, оның иісі, түсі, пішіні жоқ. Магнит өрісі біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Магнит өрісінің бар екенін оның әсерлері арқылы білеміз. Мысалы: тогы бар өткізгіштің жанына магнит тілше қойсақ, ол бұрылып қозғалысқа келеді; тұрақты магниттік заттар темірі бар жеңіл заттарды тарта бастайды.

  • Магнит өрісінің күштік әсерін сипаттайтын векторлық физкалық шама- магнит индукциясы (В) деп аталады.

  • Магнит өрісінің күш сызықтары деп , магнит өрісі әсерінің бағытын ойша көрсететін сызықтарды айтамыз.

  • Магнит өрісі- құйынды өріс. Магнит өрісінің күш сызықтары тұрақты магниттерде солтүстік полюстен(N), оңтүстік полюске (S) , бағытталған.

Тогы бар өткізгіш айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары тұйық шеңбер бойымен бағытталады.

  • Тогы бар өткізгіш айналасындағы шеңбер бойымен бағытталған магнит өрісі күш сызықтарының бағытын анықтау үшін оң қол ережесін немесе Бұрғы ережесін қолданамыз.



  1. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/magnit-orisi (2,3,4,8бет) - магнит өрісі, жердің магнит өрісі, магнит өрісінің күш сызықтары туралы видеоны қарау

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/amper-kushi-ong-qol-erezhesi - 1 жаттығуды орындау (2 бет)- оң қол ережесі, Бұрғы ережесімен танысу туралы

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Тапсырма . Жазбаша орындаңыз:

1.Электр өрісінің күш сызықтарына сипаттама бер.

2.Магнит өрісінің күш сызықтарына сипаттама бер.

3.Тұрақты магниттің күш сызықтарының бағыты қалай бағытталған?

4.Тогы бар өткізгіштің магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтайды?


  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Әзірлеуші: ЖанбатырХ.Ә.

№148 МГ физика пәнінің мұғалімі.

Алматы қаласы Білім басқармасының



ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынып отыр

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет