Жалаң электр өткізгішінің айналасындағы магниттік өрісті көрсететін тәжірибені жүргізеді және сипаттайды;
өткізгіш ілмегінің айналасындағы магниттік өрісті көрсететін тәжірибені жүргізеді және сипаттайды;
соленоид айналасындағы магниттік өрісті көрсететін тәжірибені жүргізеді және сипаттайды;
есепті шешуде оң қол ережесін қолданады.
Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағыш кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820 жылы француз физигі А.М. Ампер ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады.
Ампер күші – тогы бар өткізгішке магнит өрісінің күштік мәні.
Ампер күші
нің теңдеуі:
L—өткізгіштің ұзындығы
α- өткізгіштің тогының бағыты мен индукция векторының арасындағы бұрыш.
Тұрақты токтың электрқозғалтқышы(Борис Семенович Якоби ойлап тапқан)
Тогы бар рамкаға күштің әсері
Егер электр тогы бар өткізгіш рамканы магниттің ортасына қойсақ, магнит өрісінің әсерінен ол қозғалысқа келеді.
«Тұрақты тоқтың электроқозғалтқышын зерттеу»Жұмыстың мақсаты: электроқозғалтқыш якорінің бағыты мен жылдамдығының токтың бағыты мен кернеуіне тәуелідігін эксперимент жүзінде анықтау.