Магнит өрісі. Электромагниттік индукция



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі78,99 Kb.
#97376
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2914334312073 Дәріс №6


Магнит өрісі. Электромагниттік индукция.

Кез-келген электр тогының немесе қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің айналасында магнит өрісі болады. Магнит өрісін сандық сипаттау үшін физикалық векторлық шама магнит өрісінің индукция векторы енгізілген. Магнит өрісінің индукция векторы магнит өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады. Өлшем бірлігі


Бағыты мен шамасы өзгермейтін магнит өрісін біртекті магнит өрісі деп атайды.



Магнит өрісін көрнекті түрде бейнелеу үшін магнит өрісінің күш сызықтары немесе индукция сызықтары енгізілген. Әрбір нүктесіне жүргізілген жанама сол нүктедегі индукция векторының бағытымен сәйкес келетіндей магнит өрісінде жүргізілген сызықтарды магнит өрісінің күш сызықтары деп атайды.
Күш сызықтарының жиілігі – магнит өрісінің шамасына тура пропорционал.
Магнит өрісінің индукция векторының бағыты бұрғы ережесімен анықталады.
Магнит өрісінің күш сызықтары –



тұйықталған сызықтар, яғни магнит өрісі – құйынды өріс болып табылады. Тұрақты магнитте екі полюс болады. Оның солтүстік полюсін - N, оңтүстік полюсін - S деп белгілейді. Тұрақты магниттің магнит өрісі оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет