Магнит индукция векторының ағыны және циркуляциясы
Біртекті магнит өрісінің индукция векторының күш сызықтары параллель болып келеді. Осы өрісте ауданы S бет орналасса, онда магниттік индукция векторының жазық беттің ауданына көбейтіндісі осы бет арқылы өтетін магнит ағыны деп атайды.
Егер ауданы жазық бетке нормаль мен индукция векторы бұрыш жасай отырып орналасса, онда магнит ағыны келесі өрнекпен анықталады:
.
Магнит ағыны скаляр шама. Магнит ағыны байланысты таңбасы оң немесе теріс бола алады. Кез-келген бет арқылы өтетін магнит ағыны келесі түрде жазылады:
Магнит өрісі үшін Остроградский- Гаусс теоремасы:
.
Кез-келген тұйық бет арқылы өтетін магнит ағыны нольге тең болады.
Магнит ағыны 1 Вебермен (Вб) өлшенеді.
.
Вакуумдегі магнит өрісі үшін толық ток заңы:
Тұйық контур арқылы өтетін магнит индукциясы векторының циркуляциясы магнит тұрақтысын контур арқылы өтетін токтардың алгебралық қосындысына көбейткенге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |