«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары: 9.2.1.4 - уақытқа тәуелділік графиктерінен орын
ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау
9.2.1.6 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс
кезіндегі координата мен орын ауыстыру
теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
9.2.1.10 - теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың
кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып,
горизонталь лақтырылған дененің
қозғалысын сипаттау
9.2.1.13 - дененің шеңбер бойымен бірқалыпты
қозғалысын сызықтық және бұрыштық
шамалар арқылы сипаттау
Бағалау критерийлері : Білім алушы
Уақытқа тәуелділік графигінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді табады
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есеп шығаруда пайдаланады
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын түсіндіреді
Сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы дененің шеңбер бойымен қозғалысын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну, қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар:
Суретте автомобиль қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
а) Суретті пайдаланып, төмендегі кестенің дұрыс жазылған жолын көрсетіңіз. [1]
|
t, c
|
ϑ, м/с
|
а, м/с2
|
S, м
|
А
|
2
|
4
|
4
|
8
|
B
|
2
|
4
|
2
|
4
|
C
|
2
|
4
|
0
|
8
|
D
|
2
|
4
|
4
|
0
|
b) жылдамдықтың мәні тұрақты болатын аралықты көрсетіңіз.
(Мысалы: ОА ) [1]
с) BC бөлігіндегі үдеудің мәнін табыңыз. [1]
d) Графиктің ВС бөлігіндегі орын ауыстыруды есептеңіз. [1]
2. Денелердің қозғалыс теңдеулері , формуласы бойынша берілген.
а) Жылдамдық және үдеудің модульдерін анықтаңыз. [1]
b) Жылдамдық теңдеулерін жазыңыз. [1]
с) Осы денелердің кездесу орны мен уақытын табыңыз. [3]
3. Суретте горизонталь лақтырылған дененің траекториясы көрсетілген.
ϑ =15 м/с
а) Дененің кез-келген траекториясындағы үдеудің бағыты. [1]
А) горизонталь бағытталған
В) нөлге тең
С) тек төмен бағытталған
Д) тек жоғары бағытталған
b) Дененің ұшу уақытын табыңыз. [1]
с) Дененің ұшу қашықтығын есептеңіз. [1]
4. Суретте дененің центрі О нүктесі болатын шеңбер бойымен қозғалысы көрсетілген.
а) Дененің А нүктесіндегі сызықтық жылдамдығы мен нормаль үдеуінің бағытын суретке сызып көрсетіңіз. [1]
b) Кестеден ережеге сәйкес дұрыс нұсқаны таңдаңыз. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |