Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары



бет2/2
Дата18.02.2018
өлшемі166,7 Kb.
#37842
1   2

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, студенттерді физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер студенттерге физикалық құбылыстарды  көрсете отырып  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тестсұрақтарының нәтижесі әр студентке жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс студенттің білімін әділ бағалауға, білім сапасын көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, студентті жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Өз сабақтарымда бейнероликтерді қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан студенттерге жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, оқытушыға осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Студенттердің ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Физика сабағында интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын

дидактикалық үрдіс.

Интерактивті тақта барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Менің әрбір сабағымда студенттер визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, сонымен қатар сабақтың жаңа қыр-сырларын, туындаған мәселелерді бірігіп шешуге, талқылауға мүмкіндік алады. Студенттер білім алу процесінде бір уақытта оқып тыңдап, тапсырмалар алады. Сабақ барысында мен қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалатынын байқадым. Мұндай мәліметтерді физикалық, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болды. Оқытушы араласпай-ақ, студенттерге өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Физика – студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол студенттердің интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын тереңірек ойлап, жан−жақтытүсінуге ықпал жасайды.
Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – студенттердің ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.



«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, студенттердің білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Бәсекеге қабілетті сапалы білім алған маман – Тәуелсіз еліміздің болашағы.


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.
2. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет