Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары



бет1/2
Дата18.02.2018
өлшемі166,7 Kb.
#37842
  1   2
Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары

Ахметова Гүлзада Мыңжасарқызы.

Физика пәнінің оқытушысы.

Байзақ ауданы. Сарыкемер ауылы. №3 Байзақ колледжі.



korkem_02_02@mail.ru

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру оқытушылардан өз ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.

Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. 

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері: 


1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану; 
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру; 
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу. 
Ақпараттық технологиялардың қағидалары: 
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі; 
- білім мен тәрбиенің бірізділігі; 
- жалпы компьютерлік сауаттылық; 
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. 

Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. 

Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, студенттердің құзыреттілігін дамытуға болады. 

Жаңа технология-оқытушы мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады:



  1. Оқытудың көркемділігі артады, яғни студенттерге қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

  2. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

  3. Студенттердің ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

  4. Оқытушыларды техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  5. Оқытушы мен студенттердің жұмысын жеңілдетеді.

Ақпараттық технологияны пайдалану кезінде студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі -өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, студенттерден мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады. Студенттердің өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойланып, шешім қабылдай білуі.


2.Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3.Өз ойының дербестігі.
4.Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Ақпараттық технологияны сабақ барысында пайдалану барысында ұсынамын:
1. Танымдық іс-шараларды оқушылармен бірлесе отырып өткізу.
2. Танымдық іс-шараларды оқушылардың жан-жақты дамуына бағыттау.
3. Білімді жетілдіруде дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту.
4. Студенттердің өздері ізденіс жүргізіп жатқан танымдық материалдарын
тереңінен анықтап білу.

Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын колледжде әр сабағымды түрлендіріп, ақпараттық технологияны қолдана отырып өткіземін. Ақпараттық оқыту технологиясын пайдаланыпөткізілген сабақ нәтижелі болу үшін жеке тұлғаның ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.Жаңа ақпараттық технология оқытушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, студенттің логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады.


Каталог: uploads -> doc -> 0b05
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b05 -> Сабақ Пән: технология Сынып: 5а Пән мұғалімі: Құсанов Жұмабай Тілектесұлы Сабақ тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет