Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология



Дата08.02.2022
өлшемі27,33 Kb.
#119532
Байланысты:
7 дәріс
7 дәріс, 8 дәріс, 9 дәріс

№7 дәріс
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты.
Ал тағы бір Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Оқытушылар үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • студенттің өз бетімен жұмысына;

  • уақытын үнемдеуге;

  • білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

  • студенттің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

  • «Инновациялық» деген сөз — латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан — жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту Оқытушылар зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытушылар алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.
Ақпараттық технология тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір — бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, сабақ өткізген кезде сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, студенттің қызығушылығы арта түсері анық.
Студенттің қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі — оқытудың компьютерлік технологиясы. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану оқу процесін жаңа оқу — әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және студенттің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық іс — әрекет
Зейін
Есте сақтауы
Интеллектісі
Ойлауы
Оқытудың компьтерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.:
— дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).
— компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).
— Интернет — технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e — mail — ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.).
Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі — білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді...
Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Оқытушы араласпай — ақ, студенттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық — анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде негізгілері мыналар:
— компьютер –білім бағалау құралы;
— компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;
— мультимедиа — технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;
— Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;
1. Компьютер —білім бағалау құралы;
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд — фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен студент өз бетінше, сондай — ақ өзге студенттермен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
«Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым — қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады»
2. Электрондық оқулық — студентті осы оқулықпен таныстыру.
Тәжірибелік тұрғыдан студенттің назарын туындаған проблемаларға аудару
3. Сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал.
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта студенттің есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және студент принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.
4. Интернет желісімен жұмыс жасағанда:
— Жобалардың презентацияларын дайындау.
— Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.
— Еркін әңгімелесу.
— Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.
— Өзін — өзі бағалау.
5. Интерактивті тақтаны пайдалану:
— Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
— Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
— Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
— Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
— Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Оқытушы— ақпараттанушы емес, жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай — ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру — уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану студенттің қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін одан әрі дамыту бағытындағы басты екі мәселе ретінде оның, біріншіден, мазмұны жағынан және екіншіден, құрылымдық жағынан жетілдірілулерін айтуға болады. Білім берудің бүгінгі таңдағы басты мақсаты – әрбір адамның практикалық қызметіне ауадай қажетті болатын басты (маңызды) құзіреттіліктерді қалыптастыру. Қазіргі заманғы оқытушылар өз қызметінің барысында шәкірттерінің белгілі бір тақырыптар бойынша еркін әңгімелесе алулары, өз ойларын тыңдаушы адамға дәл жеткізе алулары, ақпараттық технологияларды еркін меңгерулері, алдарына мақсат қоя алулары және білімдерін өз беттерінше жетілдіруге қабілетті болулары бағытында. Студенттер үшін асты құзіреттіліктер санатына меңгерген білімдері мен біліктіліктерін, дағдылары мен қызмет тәсілдерін нақты өмірде кездесіп отыратын нақты практикалық мәселелерді шешуде қолдануға дайындықтарын жатқызуға болады. Басты құзіреттіліктерді меңгерген адам қоғамға қажет болады және ол адам қоғамда өзін еркін ұстайтын болады.
Ақпараттық технологиялар қоғамның ажырамас бөлігіне айналды және оқыту процесіне мен жалпы білім беру жүйесіне әсер етеді. Бүгінгі таңда еліміздің оқу орындарының деңгейін әлемдік деңгейге көтерудің бірден-бір тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру екендігі еш күмән туғызбайды. Ақпараттандыру дегеніміз жеке адамдардың және заңды тұлғалардың ақпараттарға қойып отырған талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық мәселелерді шешу құзыреттілігін коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорларды және жүйелерді қалыптастыруға, сонымен қатар, дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтілік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану, біріншіден, студенттің танымдық ұмтылыстарын күшейтеді, екіншіден, олардың ойлау қабілеттерін, математикалық логикаларын дамытады, үшіншіден, студенттің ойлау қызметтерін ізденіс және зерттеушілік салаларға бағыттайды. , студенттің есте сақтау қабілеттерін әлемдік деңгейдегі зерттеулердің нәтижелері естіген материалдың 25 %-ы, көрген материалдың 33 %-ы, көрген және естіген материалдың 50 %-ы, ал оқу процесіне тікелей қатысқан жағдайда материалдың 75 %-ы оқушының есінде қалады деген мәліметтерді беріп отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын пән бойынша оқытуда қолдану баяндап отырған материалдың оқушыларға қолжетімді болуын, көрнекі болуын, осы құралдарды басқарып отырған оқытушының қызметін, компьютердің интерактивті қасиеттері арқылы оқушылардың бойында пайда болатын оқуға деген құлшыныстары мен белсенділіктеріне жағдай жасау үшін компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға негізделеді. Компьютерлік графика оқушыларға компьютер дисплейінің экранындағы әртүрлі нысандарға әртүрлі әрекеттерді қолдану арқылы, мысалы, олардың өлшемдерін, түстерін, қозғалыс жылдамдықтарын, орналасқан жерлерін және т.с.с. өзгертулер арқылы қарастырылып отырған оқу материалдарын «байқаусыз» меңгеруге мүмкіндік береді. Компьютерді оқытудың барлық сатысында қолдануға болады: жаңа материалды түсіндіргенде, материалды бекітуде, өтілген материалдарды қайталауда, білім деңгейін қадағалау мен тексеруде; және осылардың барлығында оқушы әртүрлі қызметтерді атқара алады: зерттеу нысанының қызметі, оқытушының қызметі, жұмыс құралының қызметі, ұжым мүшесінің қызметі. Математика сабағында компьютерді қолданудың пайдасы зор. Әрине, математика сабағындағы негізгі құралдар тақта мен бор екендігін жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі заманда математика сабағында классикалық тәсілмен қатар компьютерлік технологияның жетістіктерін қолдану өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Белсенді диалог арқылы, ақпараттың әртүрлілігі мен әдемілігі (мәтін, сурет, дыбыс, түс, бейнематериал) арқылы, жетістікке бағыттау арқылы (қажетті көмекті бере отырып, кез келген мәселені щешуді аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік береді), электронды-есептегіш машинаның адаммен байланысын ойын бағытына аудару арқылы және машина мен студенттің бірқалыпты тыныш және достық қарым-қатынасы арқылы компьютер оқуға, білімге деген құлшыныстарын арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет