Шығармашылық жұмыс



Дата20.01.2023
өлшемі1,68 Mb.
#165956
түріСеминар
Байланысты:
семинар тренинг Абдрахманова Д.Е.
Химия 8 Иондық байланыстың түзілу механизмі.docx, Қуғын сүргін

сынып жетекшілермен өткізілген Семинар-тренинг


Алға орта мектебі
2022-2023 оқу жылы
Алға орта мектебінің химия биология пәнінің мұғалімі
Абдрахманова Динара Есенгельдиевна

... Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса.

  • ... Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса.
  • Халық даналығы


Семинарымыздың эпиграфы:
«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек!»
Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту
Мақсаты

ЖОСПАРЫ


РЕФЛЕКСИЯ
  • Шаттық шеңбері
  • Әртүрлі тренингтер
  • Сергіту сәті
  • Сұрақ-жауап ойын
  • «Амандасып алайық» ойыны.
  • Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, құлақтарыңызбен амандасыздар.

«Сен кімсің» ойыны.



Мақсаты: өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.
Барысы: қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйреленіп қойған қағаздағы сұраққа жауап жазу керек. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.
Бұл кезеңде топта гештальтерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.
Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?
Мақсаты: рефлексия процессін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Барысы: ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-біріңізге, яғни өзіңіздің сол жағыңызда отырған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлык жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей болуы керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.
«Сыйлық» ойыны.

«Сұрақ-жауап» ойыны.


І топқа
1.Ситуациялық сұрақ: Мұғалім отырады. Үсті басы алба-жұлба болған оқушы саббаққа кешігіп келіп тұр.
Мұғалім:
-Сен неге үнемі кешігіп келесің? Басқалардан неге үлгі алмайсың?- деп ұрсады.
-Шық, кластан, қатыспайсың сабаққа,-деп класққа кіргізбей қояды.
Сұрақ: Сіздер осы мұғалімнің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
ІІ топқа
2. Ситуациялық сұрақ: Тоқсандық жиынтық бақылау жұмысы болып жатыр. Бір бала екінші баладан шығарған есебін көшіріп отыр. Оны мұғалім көріп,байқап отырады. Мұғалім балалардың жұмысын бағалаған кезде көшіріп отырған балаға "3" деген баға қойып, өзі шығарған балаға "5" қояды.
Оқушы: Апай біздің есебімізде, қатемізде бір неге маған "3" қойдыңыз?
Мұғалім: Мен сенің көшіріп отырғаныңды көрдім. Ешқандай да еңбек тенген жоқсың. Біреудің еңбегін пайдалануға болама?-деп ұрсады.
Сұрақ: Осы мұғалімнің жасап отырған әрекеті дұрыспа?


Сергіту сәті.

«Поезд жаттығуы». Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тақылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады. Бірінші-екінші-бірінші-екінші т.с.с шеңбер бойынша пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысында қарқын үнемі тездетіледі. Ұзақтығы 2-3 мин.


СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСҚАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП-КӨП РАХМЕТ!
САУ-САЛАМАТ БОЛЫҢЫЗДАР!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет