Сабақ : Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу



Дата19.02.2017
өлшемі41,64 Kb.
#10482

Апта

Күн


Күні: 15. 10. 2016 ж

Коуч: Асылбекова Улжан Бактыбаевна

Өткізілетін орны:

Тақырыбы



1-сабақ: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

2-сабақ: Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.


Мақсаты:

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:

Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру.

«Сапалы оқыту» ұғымының мазмұны туралы тұжырымдама түсіндіруге күрделі және маңызды.

«Сапалы оқытуды» анықтау үшін жиі қолданылатын көздер жеткіліксіз.





Оқыту барысы






1-сабақ

9.00 – 10.30

10 мин

Топқа бөлу



5мин

Ой қозғау

15 мин+10

1 тапсырма

Топтық жұмыс

30 мин

2 тапсырма

Идеялар кілемшесі

40 мин
Кері байланыс

5 мин
2-сабақ



1-тапсырма

20мин
Сергіту сәті

5 мин

2 тапсырма

Топтық жұмыс

10 мин

3 тапсырма

Үштік жұмыс

Қар үйіндісі

20 мин

4 тапсырма

Топтық жұмыс

20 мин
5 тапсырма

Венн диаграммасы

5 мин
Кері байланыс

3.2.1


Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

Ынтымақтастық атмосферасын құруда шаттық шеңберіне тұрғызу

Шаттық шеңберінде қатысушыларға «Амандасудың түрлері» атты жаттығуды жасатамын. Бұл жерде қатысушылар шеңберде тұрып рет-ретімен амандасудың түрлерін көрсетеді.

Мысалы: құшақ жая амандасу. Қол беріп амандасу т.б.


Топқа бөлуде әртүрлі әдістерді қолданамын.

Бұл жолы геометриялық фигуралар арқылы бөлемін. Таңдаған фигураларына қарай мінез – құлықтарына сипаттама беремін.




  1. «Білімді ұстаздар»

  2. «Дарынды ұстаздар»

  3. «Жаңашыл ұстаздар»

«Мұғалімнің сүйікті сөздері» Бейнежазба көрсету

1.Бейнежазбадағы мұғалімге қарай өзінізді танып отырсыз ба? (балық жүйесіне салу)

2.Сіз де осындай сөздерді жиі қолданасыз ба? ТРЕК СЫЗБА

3.Мұғалімге сабақ үстінде осындай сөздерді қолдануына көзқарасыныз қандай? Т КЕСТЕСІ
«Писатели свободы» бейнежазбасын қатысушыларға ұсынамын,бейнежазбаны көрсетіп болған соң әр топқа мінсіз мұғалімнің сипаттамасын постер арқылы жазып шығуды ұсынамын, әр топ талқылап,қорғайды.
Мұғалімдерге арналған үлестірмелі материалдардың 39-40 беттер бойынша карточкалармен жұмыс жасау, нәтижесін идеялар кілемшесін түсірту.

«Шынжыр» әдісі арқылы кері байланыс аламын, әр топ қайталанбайтын «Мінсіз мұғалімнің» қасиеттерін айтып шығады.


Топтарға мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушыға тән сапаларын класстер бойынша құрғызу, ал үшінші топ екі топты сараптайды.

«Ұстазым» әнінің сөзі таратылып, бірінші топ халық әніне, екінші топ операға,үшінші топ эстрада әуеніне салып айту керек.


Үлестірмелі материалмен жұмыс жасау.41-42-43 беттер.

Мінсіз оқушы қандай болмақ?

«Мінсіз оқушының сипаты» карточкадағы сөздерді маңыздылығы бойынша жоғарыдан төмен қарай орналастыру.Бұл тапсырманы әр топқа беру. Топтық жұмыс орындалып болған соң, мұғалімдердің жауаптарын басқа елдегі мұғалімдердің нәтижелері деректерімен салыстыру.
Үштік жұмысқа қатысушылар үлестірмелі материалдан

45-50 беттердегі тапсырманы ұсынамын.

«Қар үйіндісі» әдісі арқылы әр топтың үштік қатысушысының біреуі жеке жауап беріп,сонын жұбымен ақылдасып олардың екі жауабын бір жауап етіп үлестіреді.Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп үдерісті қайталайды. Осылайша үш жауап бір жауап болып бірігеді.
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету. Осы фильмде бұзық баланың бойынан жақсы қасиетті анықтауда сұрақтар беріледі.


  1. Бейне фильмдегі Сұлтан мен Қожаның арасын не байланыстырады?

  2. Сұлтанның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыныздар?

  3. Сұлтанның алдына қойған мақсаты неде?

Берілген үш сұрақ бойынша топтар бірлесе отырып талқылайды.
Сұлтан мен Қожаны ортақ қасиеттерін Венн диаграммасына алу.
3 – сабақтан алған маңызды ақпарат

2 – ұнаған аспекті



1 – қиындық тудырған мәселе


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет