Физика пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары



бет2/36
Дата07.02.2022
өлшемі5,1 Mb.
#88769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
812 fizik-testent-

2 нұсқа



1. Еркін құлаған дененің 1 секундта және 2 секундта жүрген жолдарының қатынасы
A) 1:6.
B) 1:4.
C) 1:2.
D) 1:3.
E) 1:5.

2. Жіпке ілінген шарикті горизонталь жазықтықта айналдырғандағы центрге тартқыш күштің табиғатын аныќтаңыз.
A) Үйкеліс күші
B) Шарик салмағы
C) Салмақтың құраушысы
D) Серпімділік күш
E) Жерге тартқыш күш

3. Потенциалдық энергия есебінен жұмыс атқарылатын жағдай
A) Іштен жану двигателінің жұмысы.
B) Зеңбірек ұңғысында тыныш тұрған снарядқа жылдамдық беру кезіндегі жұмыс.
C) Жел диірменінің жұмысы.
D) Соққылау балғасының 6 м биіктіктен құлау кезіндегі жұмысы.
E) Кір жуғыш машинасының двигателінің жұмысы.

4. Дененің белгілі бір биіктіктегі потенциалдық энергиясы 100 Дж, ал кинетикалық энергиясы 200 Дж болса, оның толық механикалық энергиясы
A) 400 Дж
B) 200 Дж
C) 100 Дж
D) 500 Дж
E) 300 Дж

5. Электр өрісінің формуласында U таңбасы қандай шамаға сәйкес?
A) Өрістің таралу жылдамдығына
B) Өрістің жұмысына
C) Өрістің кернеуіне
D) Өрістің кернеулігіне
E) Конденсатор сыйымдылығына

6. Еркін түскен дененің 4 с өткеннен кейінгі жылдамдығы: (0=0, g=10м/с2)
A) 160 м/с.
B) 40 м/с.
C) 20 м/с.
D) 80 м/с.
E) 200 м/с.

7. Массасы 5 кг дененің 15 м/с2 үдеумен құлауы үшін оған әсер ететін күш
A) 20 Н.
B) 75 Н.
C) 3 Н.
D) 2 Н.
E) 40 Н.

8. Судың мольдік массасы (СИ жүйесінде):
A) 18·10-3 кг/ моль.
B) 18·10-2 кг/ моль.
C) 103 кг/ моль.
D) 34·102 кг/ моль.
E) 34·10-3 кг/ моль.

9. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы:
A) DU=Q- А.
B) АC) A=Q1-Q2.
D) А>Q.
E) А=Q.

10. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын анықтайтын өрнекті табыңыз.
A) .
B) .
C) .
D) .
E) .

11. Тұйық өткізгіш контурда токтың пайда болатын жағдайы
A) Контур магнит өрісінде тыныш тұрғанда.
B) Магнит индукциясы векторының бағытын өзгерткенде.
C) Контурды электр өрісіне енгізгенде.
D) Магнит индукциясы векторының бағытын өзгертпегенде.
E) Контур ауданын қиып өтетін магнит индукциясы сызықтарының саны өзгергенде.

12. Алғаш рет астрономиялық тәсілмен жарыќ жылдамдығын өлшеген ғалым:
A) И.Физо.
B) Г.Герц.
C) О.Ремер.
D) А.С.Попов.
E) Х.Гюгенс.

13. Мектептегі лабораториялық линзаның фокус аралығы 90 мм, оның оптикалық күшін анықтаңыз.
A)  +11 дптр.
B)  +1,1 дптр.
C)  -1,1 дптр.
D)  -11 дптр.
E)  -0,1 дптр.

14. -бөлшектерінің заряды
A) Оң.
B) Бейтарап.
C) Әлсіз.
D) Күшті.
E) Теріс.

15. Массасы 8000 кг автобус горизонталь жолмен қозғала отырып, 20 с ішінде жылдамдығын 10 м/с-қа жеткізді. Үйкеліс коэффициенті 0,05-ке тең. Автобустың орташа қуаты
A) 41 кВт.
B) 40 кВт.
C) 400 Вт.
D) 4 кВт.
E) 42 кВт.

16. Графикте берілген процестер


A) 1 - изохоралық; 2 - изотермиялық.
B) 1 - 2 - изохоралық.
C) 1 - изобаралық; 2 - изохоралық.
D) 1 - изохоралық; 2 - изобаралық.
E) 1 - изотермиялық; 2 - изобаралық.

17. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С-тан 250С-қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг·0С)
A) 4·108 Дж.
B) 400 кДж.
C) 5,04·1010 Дж.
D) 400 Дж.
E) 20 кДж.

18. q электр заряды, потенциалдар айырымы 8 В, нүктелер аралығында орын ауыстырғандағы электр өрісі күштерінің жұмысы 4 Дж болады. q зарядтың шамасы:
A) 2 Кл.
B) 10 Кл.
C) 32 Кл.
D) 16 Кл.
E) 0,5 Кл.

19. Электр тогы тұрақты болу үшін...
A) ток тізбегі тұйықталған болу керек
B) ток күші және оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалу керек
C) дұрыс жауабы жоқ
D) ток күші өзгеріссіз қалу керек
E) ток күші және оның бағыты өзреріссіз қалу керек

20. Жіпке ілінген дене еркін тербеліс кезінде ең үлкен сол жақ ауытқудан тепе-теңдікке дейін 0,2 с-та жетеді. Дененің тербеліс периоды:
A) 0,8 с.
B) 5 с.
C) 0,2 с.
D) 0,4 с.
E) 2,5 с.

21. Айнымалы ток кернеуінің өзгеру заңдылығы: u=110cos50πt. Кернеу тербелісінің периоды
A) 50 с.
B) 157 с.
C) 0,04 с.
D) 110 с.
E) 3,14 с.

22. Индуктивтілігі 4 Гн катушкадан және электр сыйымдылығы 9 Ф конденсатордан тұратын тізбектегі резонанстық жиілік n0.
A) Гц.
B) Гц.
C) Гц.
D) Гц.
E) 12p Гц.

23. Энергиясы 2,810-19 Дж болатын фотонға сәйкес келетін электромагниттік толқынның ұзындығы (h=6,6210-34 Джс; с = 3108 м/с)
A) 70 нм.
B) 800 нм.
C) 71 нм.
D) 710 нм.
E) 7 нм.

24. Жеке нуклондардан жаңа ядро пайда болған жағдайда байқалатын массалар ақауын қанағаттандыратын шарт:
A) ΔM > 0.
B) ΔM = 0.
C) ΔM < 0.
D) ΔM = Zmp + Nmn.
E) ΔM = MЯ .

25. Суретте дененің О нүктесіне әсер ететін бір жазықтықта жататын бес күш векторлары берілген. Тең әсерлі күш нөлге тең болу үшін артық күшті көрсетіңіз



A) .


B) .
C) .
D) .
E) .

26. Еркін түскен дене соңғы 2 секундта 60 м жол жүрсе, оның барлық жолдағы уақыты
A) 5 с.
B) 1 с.
C) 10 с.
D) 4 с.
E) 8 с.

27. Дене импульсінің өзгерісі
A) Қуатқа тең.
B) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең.
C) Күш импульсына тең.
D) Жұмысқа тең.
E) Кинетикалық энергия өзгерісіне тең.

28. Аса сезімтал тең иінді таразының сол жақтағы табағына массасы 100 г қорғасын шар, ал оң табаққа массасы дәл сондай ағаштан жасалған цилиндр салынды. Таразы тепе-теңдікте бола ма?
A) Тепе-теңдікте болады
B) Тепе-теңдікте болмайды, оң жақтағы табақ төмендейді
C) Тепе-теңдікте болмайды, сол жақтағы табақ төмендейді
D) Тәжірибе нәтижесі ағаш цилиндрдің биіктігіне тәуелді
E) Тәжірибе нәтижесі ағаштың өңдеу сапасына байланысты

29. Суретте келтірілген жағдайдағы (В=0,1 Тл, =8 см, I=20 А) тогы бар
өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күштің шамасы мен бағыты

A) 0,56 Н; тік төмен қарай
B) 0,26 Н; “бізге” қарай
C) 0,16 Н; “бізден ары” қарай
D) 0,36 Н; солға қарай
E) 0,46 Н; оңға қарай

30. Нейтронның протонға өздігінен айналу нәтижесінде, атом ядросында жүретін реакция:
A) ядролық синтез.
B) позитрондық β- ыдырау.
C) α- ыдырау.
D) ядролық ыдырау.
E) электрондық β- ыдырау.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет