Физика пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары



бет20/36
Дата07.02.2022
өлшемі5,1 Mb.
#88769
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
812 fizik-testent-

20 нұсқа



1. Денелердің еркін түсу үдеуімен қозғалуын зерттеген
A) Ньютон.
B) Галилей.
C) Архимед.
D) Аристотель.
E) Демокрит.

2. Дененің кинетикалық энергиясының өрнегін анықтаңыз.
A)
B)
C) mc
D) ma
E) mgh

3. Дене импульсінің өзгерісі
A) Жұмысқа тең.
B) Кинетикалық энергия өзгерісіне тең.
C) Күш импульсына тең.
D) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең.
E) Қуатқа тең.

4. Дененің белгілі бір биіктіктегі потенциалдық энергиясы 200 Дж, ал кинетикалық энергиясы 300 Дж болса, оның толық механикалық энергиясы
A) 100 Дж
B) 200 Дж
C) 250 Дж
D) 500 Дж
E) 300 Дж

5. 14 N7 атомында неше электрон, протон және нейтрон бар?
A) 17 электрон, 10 протон, 4 нейтрон
B) 14 электрон, 7 протон, 7 нейтрон
C) 7 электрон, 7 протон, 7 нейтрон
D) 10 электрон, 14 протон, 14 нейтрон
E) 7 электрон, 14 протон, 7 нейтрон

6. Суретте қозғалыстағы дене координатасының уақытқа тәуелділік (х=х(t)) графигі кескінделген. Дененің бастапқы координатасы:

A) -10 м.
B) 10 м.
C) 0.
D) 20 м.
E) 2 м.

7. Көлемі 10 м3 шарды толтырып тұрған массасы 20 кг газдың тығыздығы:
A) 0,5 .
B) 200 .
C) 10 .
D) 2 .
E) 20 .

8. Суреттегі берілген графиктерді (1-2-3) ретімен атаңыз

A) 1-изотерма, 2-изобара, 3-изохора.
B) 1-изотерма, 2-изохора, 3-изобара.
C) 1-изохора, 2-изобара, 3-изотерма.
D) 1-изохора, 2-изотерма, 3-изобара.
E) 1-изобара, 2-изотерма, 3-изохора.

9. Қысым тұрақты 105 Па болғанда, үйдегі ауаның көлемі 200 дм3-ге артады. Газдың атқаратын жұмысын анықтаңыз
A) 2106 Дж.
B) 2104 Дж.
C) 2105 Дж.
D) 5106 Дж.
E) 2103 Дж.

10. Заттарға металдың жұқа қабатын жалату үшін пайдаланатын құбылыс
A) Электролиз
B) Фосфоресценция
C) Люменесценция
D) Газ разряды
E) Фотоэффект

11. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсер етуші күш:
A) Лоренц күші.
B) Гравитациялық күш.
C) Кулон күші.
D) Ампер күші.
E) Архимед күші.

12. Алғаш рет астрономиялық тәсілмен жарыќ жылдамдығын өлшеген ғалым:
A) Х.Гюгенс.
B) О.Ремер.
C) А.С.Попов.
D) Г.Герц.
E) И.Физо.

13. Көзілдіріктің оптикалық күші –2,5 дптр болса, көзілдірік шынысының фокустық аралығын анықтаңыз.
A) +0,4 м.
B) –0,4 м.
C) –4 м.
D) +4 м.
E) –0,05 м.

14. Резерфорд атомның моделі
A) Физикалық.
B) Ядролық.
C) Ғарыштық.
D) Планетарлық.
E) Галактикалық.

15. Массалары m1= m2=1 кг шарларға R қашықтықта гравитациялық тартылыс F күші әсер етеді. Массалары 2 кг және 1 кг шарларға осындай R қашықтықта әсер ететін гравитациялық күш
A) 3F.
B) 9F.
C) 2F.
D) 4F.
E) F.

16. Ғарыш кемесінің массасы m, Жердің массасы М, радиусы R,гравитациалық тұрақты G. Жерге тартылу әсері шекарасынан шығып кету үшін қажетті бастапқы жылдамдық:
A) .
B) .
C) .
D) .
E) .

17. Горизонтқа  бұрыш жасай көлбеу орналасқан партаның үстінде массасы m кітап жатыр. Егер үйкеліс коэфициенті  болса, онда үйкеліс күші

A) Fүйк= mgcos.
B) Fүйк=0.
C) F=mg.
D) N=mgcos.
E) F=mgsіn.

18. 15 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната массалары 6 кг және 14 кг екі жарықшаққа бөлінді. Қозғалыс бағытымен ұшқан үлкен жарықшақтың жылдамдығы 24 м/с болса, кіші жарықшақтың жылдамдығын анықтаңыз, егер жарықшақтар алғашқы граната бағытымен бірге қозғалса.
A) 106 м/с.
B) 45 м/с.
C) –6 м/с.
D) –106 м/с.
E) 6 м/с.

19. Екі өткізгіш берілген: біріншісінің зарядтары екіншісіне қарағанда аз, ал потенциалы жоғары. Өткізгіштерді түйістіргенде, электр зарядтары жылжитын бағыт
A) Аз зарядты өткізгіштен көп зарядты өткізгішке.
B) Зарядтар жылжымайды.
C) Көп зарядты өткізгіштен аз зарядты өткізгішке.
D) Көп потенциалды өткізгіштен аз потенциалды өткізгішке.
E) Аз потенциалды өткізгіштен көп потенциалды өткізгішке.

20. Амплитудасы 5 см, периоды 4 с және бастапқы фазасы рад болатын гармониялық тербелістің теңдеуі
A)
B)
C)
D)
E)

21. Берілген электромагниттік сәулелерді тербеліс жиіліктерінің өсу ретімен орналастырыңыз.
1.Радиотолқын.
2.Рентген сәулесі.
3.Көрінетін жарық.
4.Инфрақызыл сәуле.
5.Ультракүлгін сәуле.
A) 1-5-2-4-3
B) 5-4-3-2-1
C) 2-3-1-5-4
D) 1-2-3-4-5
E) 1-4-3-5-2

22. Фотонның массасы электронның тыныштық массасына тең болатын сәуленің толқын ұзындығын табыңыз. (h=6,6310-34 Джс, m=9,110-31 кг)
A)  24 нм.
B)  41 нм.
C)  1,8 пм.
D)  1,8 нм.
E)  2,4 пм.

23. Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиоактивті изотоптың 106 атомы бар. 20 мин ішінде осы атомдардың ыдырауға ұшырағаны:
A) 106.
B) 0.
C) 1,5·105.
D) 7,5·105.
E) 5·105.

24. Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың газдың екпінді иондалуы кезінде ток импульсінің пайда болу құбылысына негізделуі
A) Қалың қабатты фотоэмульсияда.
B) Көпіршіктік камерада.
C) Гейгер есептегішінде.
D) Вильсон камерасында.
E) Фотокамерада.

25. Жолдың ұзындығы бөлігінде жылдамдықпен қозғалатын денеге күші әсер етеді. , және нөлге тең емес. Сонда күштің жұмысы нөлге тең болу жағдайы
A) Болады, егер болса.
B) Болады, егер болса.
C) Болады, егер болса.
D) Болады, егер болса.
E) Болады, егер жылдамдық модулі өте кіші болса.

26. Шолпан бетіндегі температура 750 К және атмосфералық қысым 9120 кПа. Планета атмосферасы көмірқышқыл газынан тұрады деп санап, планета бетіндегі оның тығыздығын табыңыз.
(R=8,31Дж/(мольК); M (CO2)=44 г/моль)
A) 66,5 кг/м3.
B) 66,8 кг/м3.
C) 56,3 кг/м3.
D) 58,6 кг/м3.
E) 64,4 кг/м3.

27. Қуаты 75 Вт двигатель ішінде 5 л суы бар калориметрдің винтін 5 минут айналдырады. Су температурасының өзгерісі (с = 4200 Дж/кг·0С)
A) 5 0С.
B) 3 0С.
C) 7 0С.
D) 1 0С.
E) 2 0С.

28. Электр плитасын жөндегенде оның орамасы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлiгiндей қысқарған. Сондағы плитаның қуаты:
A) 1,1 есе артады.
B) 1,6 есе артады.
C) 1,4 есе артады.
D) 1,8 есе артады.
E) 1,2 есе артады.

29. Біртекті магнит өрісінде қозғалатын электронға әсер етуші күштің жұмысы:
A) Орын ауыстыру мен күштің көбейтіндісіне тең.
B) Электрон зарядының потенциалдар айырмасына көбейтіндісіне тең.
C) Электронның потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.
D) Нөлге тең, өйткені электронға әсер ететін күш бағыты үнемі оның қозғалыс бағытына перпендикуляр.
E) Электронның кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең.

30. Ашық тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелді өзгеру заңдылығы: i=0,1 cos(6·105πt) болса. Шығарлатын толқынның ұзындығы:
A) 600 м.
B) 700 м.
C) 800 м.
D) 900 м.
E) 1000 м.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет