«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89288
Байланысты:
34538fa15fed438c99ecbf2edb7d9a9d (2)


«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Скаляр мен векторлық шамалар туралы төменде көрсетілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

  1. Скаляр шаманың тек бағыты ғана бар

  2. Скаляр шаманың сандық мәні және бағыты бар

  3. Векторлық шама тек арақашықтыққа ғана тәуелді

  4. Векторлық шаманың сандық мәні және бағыты бар [1]

  1. Төменде көрсетілген суреттердің қайсысы жылу құбылысына жатады?



  1. А) Б) В) Г) [1]


3. Физикалық щамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ - не келтіріп, сәйкестігін көрсетіңіз

Дене массасы 150г

15

с

Автомобиль жылдамдығы 54 км/сағ

150

кг

Оқушының жүрген уақыты 25 мин

1,5

м/с

Сұйық көлемі 1500000 см3

0,15

м3

Оқушының жүрген жолы 0,15 км

1500

м

[5]
4. Төменде көрсетілген суреттер арасынан бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалысты анықтаңыз
А)
Б)
В)
Г)
[1]
5. Мына сандардың стандарт түрінде жазылған нұсқасын таңдаңыз:
480000; 0,000000016
А) 48•104; 16•109
В) 4,8•104; 16•10-9
С) 48•104; 1,6•10-9
D) 4,8•105; 16•10-9 [1]
6.О йыншық трактор түзу бойымен А нүктесінен С нүктесіне дейін барып, қайта В нүктесіне оралды.
Трактордың жүрген жолы___________________________________________________ [1]
Трактордың орын ауыстыруы _______________________________________________ [1]

7. Оқушы суретте көрсетілген өшіргіштің ұзындығын өлшеу керек.

А) Сызғыштың бөлік құнын анықтаңыз. Бөлік құны ___________ см [1]
В) Өшіргіштің ұзындығын анықтаңыз. Өшіргіштің ұзындығын өлшеу қателігін ескере отырып жазыңыз .
Ұзындық = ___________ ± _______ см [2]
8. Велосипедші А пунктінен В пунктіне қарай жүрген суреті көрсетілген.

а) Велосипедші бастапқы 120 секундты 5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Осы уақытта жүрілген жолды анықтаңыз.


S1 = ____________________________________ м
[1]
b) Велосипедші соңғы 40 секундты 8 м/с жылдамдықпен жүрді. Жүрген жол аралығын анықтаңыз.
S2 = ____________________________________ м
[1]
c) Велосипедшінің орташа жылдамдығын есептеңіз.

орташа жылдамдық = ___________________ м/с


[1]

9. Суретте жаяу адамның жүрген координатасының уақытқа тәуелді графигі берілген.



а) 0-5 секунд интервалындағы жаяу адамның жылдамдығын анықтаңыз
____________________________________________________________________________
[1]
c) 0-5 секунд интервалындағы қозғалыс теңдеуін жазыңыз
____________________________________________________________________________
[1]
d) адамның демалуға кеткен уақытын анықтаңыз
____________________________________________________________________________
[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет