«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта
3 есе ұтылыс береді
3 есе ұтыс береді
ұтыс та, ұтылыс да бермейді
ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді
[1]
Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?
Жер, Жер;
Жер, Күн;
Күн, Жер;
Күн, Күн.
[1]
Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.
Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?
жаз
күз
қыс
көктем
[1]
Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.
[2]
Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?
Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.
[3]
[2]
Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g=10 Н/кг.
Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
[2]
Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз.
[1]
Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
[1]
Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз.
[2]
Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.
h, см
|
l, см
|
Fауырлық, Н
|
Fтарту, Н
|
Aпайдалы, Дж
|
Aжасалған, Дж
|
ПӘК, %
|
20
|
50
|
3
|
2
|
|
|
|
Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.
[1]
Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.
[1]
Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.
[1]
Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |