«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта
A) 3 есе ұтылыс береді
B) 3 есе ұтыс береді
C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді
D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді
[1]
2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?
Жер, Жер;
Жер, Күн;
Күн, Жер;
Күн, Күн.
[1]
3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.
Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?
жаз
күз
қыс
көктем
[1]
4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.
[2]
5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал қайшы ұшынан күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?
[3]
6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.
[2]
7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g=10 Н/кг.
Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
[2]
Механикалықэнергияныңсақталузаңыныңформуласынжазыңыз.
[1]
Доптыңұшутраекторияныңжоғарғынүктесіндегіпотенциалдықэнергиясынанықтаңыз.
[1]
Доптыңкөтерілубиіктігінанықтаңыз.
[2]
8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.
h, см
|
l,см
|
Fауырлық, Н
|
Fтарту, Н
|
Aпайдалы, Дж
|
Aжасалған, Дж
|
ПӘК, %
|
20
|
50
|
3
|
2
|
|
|
|
Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.
[1]
b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.
[1]
c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.
[1]
d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
[1]
Жалпы: [20]
Балл қою кестесі
Тапсырма
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
А
|
1
|
|
2
|
B
|
1
|
|
3
|
В
|
1
|
|
4
|
потенциалдық энергиясы максималды болатын нүктені дұрыс белгіледі (ең жоғары нүктеде)
|
1
|
|
потенциалдық энергиясы минималды болатын нүктені дұрыс белгіледі (ең төмен нүктеде)
|
1
|
|
5
|
Иіндіктің тепе-теңдік шартын жазады:
F1l1= F2l2
|
1
|
|
F1= F2l2/l1
|
1
|
|
F1=1600 Н немесе 1,6 кН
|
1
|
|
6
|
Жердің Күнді айнала қозғалуы
|
1
|
|
Жер осінің көлбеулігі
|
1
|
|
7
|
a) Ек=mυ2/2
80 Дж
|
1
1
|
|
b) Ек1+Ер1= Ек2+Ер2
|
1
|
|
c) Ек1= Ер2=80 Дж
|
1
|
|
d) Ер=mgh
h=20 м
|
1
1
|
|
8
|
Жұмыстың формуласын қолданады
|
1
|
|
Апайд= Fтяжh=0,6 Дж
|
1
|
|
Ажасал= Fтартуl=1 Дж
|
1
|
|
ПӘК: η=60%
|
1
|
|
Жалпы балл
|
20
|
|
«Физика» пәнінен4-тоқсанға арналған
бөлім бойынша жиынтық тапсырмалары
1-нұсқа
1. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.
h, см
|
l,см
|
Fауырлық, Н
|
Fтарту, Н
|
Aпайдалы, Дж
|
Aжасалған, Дж
|
ПӘК, %
|
20
|
50
|
3
|
2
|
|
|
|
А). Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.
В) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.
С) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.
Д) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
2. Массасы 200кг жүкті ПӘК – і 65% көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты көтеру үшін қандай күш түсірілуі қажет? Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,2 м, ал ұзындығы 16 м.
3. Ұзындығы 80 см иінтірекке 5 Н күш әрекет етеді. Егер оның әрекет ету иіні 20 см болса, онда осы күштің күш моменті неге тең?
2-нұсқа
1. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.
h, см
|
l,см
|
Fауырлық, Н
|
Fтарту, Н
|
Aпайдалы, Дж
|
Aжасалған, Дж
|
ПӘК, %
|
30
|
70
|
6
|
4
|
|
|
|
А). Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.
В) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.
С) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.
Д) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
2. Иінтіректің көмегімен 20 кг жүкті 80 см биіктікке бірқалыпты көтерді. Мұнда 120 Н күш түсірілген иінтіректің ұзын жағы 2 м-ге төмен түсті. Иінтіректің ПӘК-і қандай?
3. Тепе-теңдік қалпын сақтаған иінтіректің иіндері сәйкесінше 15 см және 60 см. Иінтірекке әрекет етуші күш 1,5 Н. Үлкен иінге түсетін күштің шамасын анықтаңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |