«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

бет26/29
Дата20.10.2022
өлшемі0,94 Mb.
#154025
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
«Физика» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныста

Оқу мақсаттары

        1. - көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану

        2. - Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан- Больцман және Винн заңдарын қолдану

        3. - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;

11.10.1.10 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолданады және есптеуді жүргізеді;

  • Күннің беттік температурасын анықтау үшін Стефан-Больцман заңын қолданады;

  • Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдана отырып, тұжырымдамалардың дұрысы мен қатесін анықтайды;

  • Хаббл заңын қолдана отырып, берілген галактиканың арақашықтығын және жасын

анықтайды;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар

  1. Альтаир жұлдызының көрінерлік жұлдыздық шамасы 0.77m. Ол 16.8 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан.

Альтаир жұлдызының абсолюттік жұлдыздық шамасын анықтаңыз.
[3]

  1. Радиусы 7×105 км болатын Күн бетінің температураны анықтаңыз. Күннің жарқырауы 3.84×1026 Вт, δ=5.67×10-8 Вт/м2К4.

[4]

  1. Суретте Герцшпрунг-Рассел диаграммасы бейнеленген.

(а) төменде көрсетілген бес тұжырымнан дұрысын(тарын) анықтап дөңгелектеп белгілеңіз.

  1. жұлдыздардың көпшілігі қызыл ергежейлілер болып келеді.

  2. негізгі тізбектегі К спектріндегі жұлдыздардың класының «өмірлік циклі», В спектріндегі жұлдыздардың класының «өмірлік циклінен» қысқарақ болады.

  3. асқын алып жұлдыздардың орташа тығыздығы өте жоғары болады.

  4. Денеб жұлдызының беттік температурасы 8550 К және ол М спектрдегі жұлдыздар класына жатады.

  5. Эридан-40 жұлдызы ақ ергежейлілерге жатады, себебі оның массасы Күн массасының 0.5 құрайды.

[2]
(b) (а) тапсырмасында берілген бес тұжырымның қателерін анықтап, неліктен қате екендігін түсіндіріп жазыңыз.
...........................................................................................................................................................

4. (а) алыстау жылдамдығы 1.5×104 км/с болатын галактиканың бізден қандай ара қаншалықты орналасқандығын анықтаңыз. (75 км/сМпк)

(b) осы галактиканың жасын анықтаңыз.

[2]

[2]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет