«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып



бет20/37
Дата09.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#157292
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
11 сынып БЖБ жинақ

3-ТОҚСАН


«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну;
11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану; 11.6.2.8 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен сынған сәуле бұрышын анықтайды, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтайды және

шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды;

  • мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетеді;

  • әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолданады;

  • микроскоп арқылы қарағандағы дененің ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алады;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары



Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар


1. Оқушы шынының сыну көрсеткішін анықтау үшін зерттеу жұмысын жасаған. Зерттеу жұмысының сұлбасында шыны пластинаның орыны, түскен және сынған сәулелер бейнеленген.

(а) Транспортирді қолдана отырып, сәуленің түсу және сыну бұрыштарын өлшеңіз.


[2]
(b) алынған мәліметтерді пайдалана отырып, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз.
[2] (с) шыныдан ауаға өткен сәулені салып көрсетіңіз.
[1]

  1. Суретте линзалар жүйесі бейнеленілген.




(а) суреттегі мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетіңіз.Масштабты сақтаңыз.Дене биіктігі 25 см

[3]

  1. Екі жағы дөңес линзаның қисықтық радиустары 50 см тең. Линзаның сыну көрсеткіші 1.5.

Есептеңіз (і) линзаның фокустық арақашықтығын
[2]
(іі) линзаның оптикалық күшін
[2] 4. Суретте микроскоптың ішкі құрлысы мен АВ денесі берілген.

АВ денесін микроскоп арқылы қарағандағы ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алыңыз.
[3]
Жалпы балл: 15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет