3-ТОҚСАН
«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
|
11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну;
11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану; 11.6.2.8 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру;
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды;
мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетеді;
әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолданады;
микроскоп арқылы қарағандағы дененің ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алады;
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
1. Оқушы шынының сыну көрсеткішін анықтау үшін зерттеу жұмысын жасаған. Зерттеу жұмысының сұлбасында шыны пластинаның орыны, түскен және сынған сәулелер бейнеленген.
(а) Транспортирді қолдана отырып, сәуленің түсу және сыну бұрыштарын өлшеңіз.
[2]
(b) алынған мәліметтерді пайдалана отырып, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз.
[2] (с) шыныдан ауаға өткен сәулені салып көрсетіңіз.
[1]
Суретте линзалар жүйесі бейнеленілген.
(а) суреттегі мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетіңіз.Масштабты сақтаңыз.Дене биіктігі 25 см
[3]
Екі жағы дөңес линзаның қисықтық радиустары 50 см тең. Линзаның сыну көрсеткіші 1.5.
Есептеңіз (і) линзаның фокустық арақашықтығын
[2]
(іі) линзаның оптикалық күшін
[2] 4. Суретте микроскоптың ішкі құрлысы мен АВ денесі берілген.
АВ денесін микроскоп арқылы қарағандағы ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алыңыз.
[3]
Жалпы балл: 15
Достарыңызбен бөлісу: |