«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
Күтілетін нәтижелер 3
Ойлау дағдыларының деңгейі 4
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5
Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Күтілетін нәтижелер
Білу:
бастапқы физикалық ұғымдарды;
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары), астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
физикалық құбылыстарды;
Түсіну:
шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;
физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Қолдану:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Талдау:
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Білу:
материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын,
«Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g); Түсіну:
физикалық құбылыстарды;
жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;
физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Қолдану
|
Қолдану:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және «Механика» бөлімінің формулаларын;
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
Талдау:
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
|
арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін.
|
|
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
I
|
50%
|
30%
|
20%
|
II
|
63%
|
25%
|
13%
|
III
|
25%
|
63%
|
13%
|
IV
|
25%
|
63%
|
13%
|
Барлығы
|
41%
|
45%
|
14%
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |