Оқу мақсаттары 9.7.2.1
9.7.2.2
9.7.2.3 9.7.2.8
- абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату
- жұлдыздырдың жарқырауына
әсер ететін факторларды атау
- аспан сферасының негізгі элементтерін атау
- Күн жүйесіндегі
денелердің ара қашықтығын
немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Орындау уақыты
Білім алушы:
Абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажыратады
Жұлдыздырдың жарқырауына әсер
ететін факторларды жазады
Аспан сферасының негізгі элементтерін сипаттайды
Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін
параллакс әдісін қолданады
Қолдану
15 минут
Тапсырмалар
1. (a) Абсолют жұлдыздық шама мен көрінерлік жұлдыздық шаманың айырмашылығы неде?
(b) Жұлдыздардың негізгі сипаттамасы, оның жарқырауы.
(i) Жұлдыздардың жарқырауының температурадан тәуелділігін сипаттаңыз. (ii) Жұлдыздардың жарқырауының жұлдыз өлшеміне тәуелділігін сипаттаңыз.
(с) Күн – аспандағы жарық жұлдыздардың бірі. Күнге қарағанда Сириустың жарықтылығы 25 есе, ал Ригельдыкі – 130 мың есе күшті. Аспанда неліктен Сириустың жарқырауы жоғары?
2. (а) Аспан сферасы дегеніміз не?
(b) Аспан сферасының негізгі элементтерін атаңыз. (c) Эклиптика дегеніміз не?
3. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,5∙1011 м болса, парсек неге тең екенін есептеңіз.
4. Белгісіз бір Х жұлдыздың жылдық параллаксі 0,5//. Бұл жұлдыз Күнмен салыстырғанда бізден неше есе қашық жатқанын анықтаңыз.
8