Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Атап айтсам, білімалушылардың физика пәнінен алған білімдерін тексеру мақсатында тарау соңында тест жұмысын компьютерде алуға болады. Ол үшін ADSofr Tester бағдарламасын қондырып, керекті мәліметтерді орындаймыз. Мұнда бағдарламада орысша берілгендіктен батырма орысша қабылданады. Енді осы бағдарламаларға тоқтала кетейін.
ADSofr Tester.
Ашу үшін: Пуск - Все программы- ADSofr Tester -Конструктор. Жаңа тест құру үшін Новый батырмасын шертеміз. (егер де бұрын құрылған тестімізді ашқымыз келсе Открыть батырмасын басып, тестті көрсетеміз)
Қазақ әріптерін алмағандықтан Word бағдарламасында тестімізді құрастырып, Копировать - Вставить командасы арқылы алып келеміз.
Word бағдарламасынан көшіріп әкелінген сұрақ пен жауапты Вопрос астына көшіреміз. (сұрақта номер қойылса алып тастаймыз).
Жауабын енгізу үшін оң жақтағы Новый батырмасын басамыз. Дұрыс жауабына қанат белгі қойып кетеміз.
Келесі сұрақ енгізу үшін астындағы Новый батырмасын басамыз. Один варианта ответа таңдап, ОК бастырмасын шертеміз.
Сұрақтарды енгізіп болғаннан кейін тест параметрлерін енгіземіз.
Тестің 5 параметрі бар:
1.Приветствие
2.Пароль
3 .Общие настройки
4.Время тестирование
5.Критерий оценки
Параметрлерді беру үшін Свойства теста менюіндегі керек параметрді таңдаймыз.
Приветствие – қолданушыға ең бірінші ашылатын терезе. Бұл жерге тест тақырыбы немесе басқа да анықтамалық сөз жазуға болады.
Пароль – егер де тестімізді ашқан кезде пароль шығарғымыз келсе Новый пароль мен Подтверждение деген жерге соны жазамыз. (көп жерде қажет емес)
Общие настройки - жалпы тесттің стандартты параметрлерін өзгерті. (қолданушыға неше сұрақ көрсету, сұрақ орнын ауыстыру, басқа сұрақтарды алдын ала қарау, яғни біріншісіне жауап бермей келесісіне өту).
Показать вопросы жолын неше сұрақ көрсету керек екендігін жоғары, төмен батырмалары арқылы береміз.
Перемешать вопросы бөліміне қанат белгі қоямыз.
Перемешать варианты ответов бөліміндегі қанат белгіні алып тастаймыз.
Разрешить пропуск вопросов бөлімін қанат белгі қоямыз. Қалғандары сол күйінде қалады. ОК.
Время тестирования - қолданушыға берген сұрақтардың санына байланысты уақыт қоямыз. Времени рамки бөліміне қанат белгі қойып уақытымызды (барлық сұраққа берілетін уақыт) береміз. Егер уақыт бергіміз келмесе бұл параметрге кірмейміз.
Критерий оценки - % бойынша қолданушыға баға қою. Комментарий оценки бөліміне жоғарыдан төмен бағаларды қоямыз. Неше пайыздан бастап неше пайызға дейін қандай баға алатын болса, сол бағаның оң жағынан пайызымызды береміз. Параметрлерді беріп болғаннан кейін тестімізді сақтаймыз.
Сақтау үшін: Файл - Сохранить как... - Тип файла (несжатие тест) қоюымыз керек[3].
Достарыңызбен бөлісу: |