Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану


§ 2.3 Педагогикалық технологияның өзім пайдаланып



бет2/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
000862bc-f741c490


§ 2.3 Педагогикалық технологияның өзім пайдаланып
жүрген түрлері................................................................................14 бет
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................40 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................44 бет
Қосымша..............................................................................................46 бет

К І Р І С П Е

Адам ұрпағымен мың жасайды, - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» - деген сөзіне орай, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: «Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналас, ал егер екі өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде», - деп. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.


Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдың білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».
Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып тобылады, сол себепті сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағайларда шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел боламыз. Сол себепті білім беру жүейсінде болашақ мамандарды даярлай алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов айтқан екен: « оқытудың үш жағы бар, үшеуі үш нәрсеге тіреледі: біреуі оқу құралдарына, екіншісі ақша – қаражатқа, үшіншісі жақсы мұғалімге», деп. Егер осы айтылған үш мәселенің бірі біріне сай келіп жатса, оқыту үрдісінде қиындықтар болмас па еді? Мен өзім мұғалімдік қызмет атқарып жүргендіктен, осы айтылған үш мәселенің екеуі мұғалімге қатысты айтылған деп есептеймін. Осы орайда мұғалімге тікелей қатысты мәселе – оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, ендеше буған қол жеткізетіндей жолдарды іздестіру барысында мен осы жұмысымның тақырыбын «Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың ролі» деп алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет