8. Жарық сәулесі вакуумде 24см қашықтықты жүріп өтеді, ал оптикалық мөлдір ортада сол уақыт ішінде 12см қашықтықты жүріп өтеді. Ортаның сыну көрсеткіші:
а) 1,5; б) 2; в) 3; г) 4; д) 5.
9.Төмендегі жағдайлардың қайсысында жарықтың толық шағылу құбылысы байқалады?
1) жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде;
2) жарық оптикалық тығыздығы аз ортадан оптикалық тығыздығы көп ортаға өткенде;
3) оптикалық тығыз ортаның бетінде жарықтың түсу бұрышы шектік бұрышқа тең немесе одан кіші болғанда;
4) оптикалық тығыз ортаның бетінде жарықтың түсу бұрышы шектік бұрышқа тең немесе одан үлкен болғанда;
а) 1,4; б) 1,3; в) 2,3; г) 2,4; д) ондай жауап жоқ.
10. Жасыл жапыраққа қызыл шыны арқылы қарасақ, бізге ол қандай түспен көрінеді?
а) қызыл; б) жасыл; в) қара; г) қызғылт жасыл; д) көрінбейді.
Жарық құбылыстары Тест А-2
1.Шағылу бұрышы дегеніміз – бұл:
а) түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш;
б) шағылған сәуле мен түсу жазықтығы арасындағы бұрыш;
в) шағылған сәуле мен түсу жазықтығына перпендикуляр арасындағы бұрыш;
г) шағылған сәуле мен түсу жазықтығындағы кез-келген сәуле арасындағы бұрыш;
д) жауап сәуленің түсу бұрышына байланысты.
2.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жарықтың сыну заңын сипаттайды?
1) Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
2) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады;
3) Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
4) Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең;
а) 1,2; б) 3,4; в) 2,4; г) 1,4; д) 1,3.
3. Егер жарық сәулесінің түсу бұрышы 10º-қа азайса, онда түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш ... азаяды:
а) 20º; б) 10º; в) 5º; г) 7,5º; д) өзгермейді.
4.Тік орналасқан жазық айнаның алдында адам тұр.Егер адам айна жазықтығынан 2м алыстаса, онда адам мен оның кескіні арақашықтығы қалай өзгереді?
а) өзгермейді; б) 2м-ге артады; в) 2м-ге кемиді;
г) 4м-ге артады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сынбай өтуі мүмкін?
1) Егер осы орталарда жарықтың таралу жылдамдығы бірдей болса;
2) Егер түсу бұрышы 45ºболса;
3) Егер түсу бұрышы 0ºболса;
4) Егер түсу бұрышы 90ºболса;
а) 2; б) 3; в) 4; г) 1,3; д) мүмкін емес.
6.Нүктелік А денесінің жазық айнада кескіні қай нүктеде болады?
А
1
2
а) 1;
б) 2;
в) 3;
г) 4;
д) кескіні жоқ.
4
3
7.Шыны пластинаға жарық сәулесі бұрышпен түседі.Егер шағылған сәуле мен сынған сәулелер өзара перпендикуляр болса, онда шынының сыну көрсеткіші ...
а) sin;
б) cos;
в) tg;
г) ctg;
д) tg2.
Достарыңызбен бөлісу: |